Home Әлеумет Облыстық өнер фестивалі жалғасуда

Облыстық өнер фестивалі жалғасуда

Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының және облыстық Қосымша білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен 2021 – 2022 оқу жылындағы жұмыс жоспарыны сәйкес, ел ішінде талантты, өнерлі балалар мен жасөспірімдерді анықтау, талабын қолдап, талантын ашу мақсатында, «Тұлпар мініп, ту алған!» атты облыстық өнер фестивалі бүгін Төлеби ауданы “Ленгер көмекші мектеп -интернаты” КММ мен “Төлеби отбасы үлгісіндегі балалар ауылы” КММ-де (көрме, хор, ән,би, айтыс, домбырашылар ансамблі, сахналық қойлым, т.с.с.) жалғасуда. Аталмыш өнер фестивалінде «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының» бөлім меңгерушісі Клара Нығметова Қанбетқызы өнер көрсеткен мектеп-интернаттың тәрбиленуші өнерпаздарының өнерін тамашалап, шәкірттерге шалқар шабыт, шығармашылық табыс тіледі.