Home Әлеумет «МАМАНДЫҚТАР ӘЛЕМІН АШАМЫЗ» республикалық форумның облыстық іріктеу кезеңі өтті

«МАМАНДЫҚТАР ӘЛЕМІН АШАМЫЗ» республикалық форумның облыстық іріктеу кезеңі өтті

Бүгін Түркістан қаласындағы “Ақжайық” музыка мектебінде Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының және “Қосымша білім беруді дамыту орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен «Мамандықтар әлемін ашамыз» атты республикалық форумның облыстық кезеңі болып өтті. Салтанатты шара шымылдығын ашқан облыстық “Қосымша білім беруді дамыту орталығының” директорыБ.Ешенқұлов мырза: – Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаевтың: «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оған замандастарының бәрі кінәлі», -деп қалдырған ұлағатты сөзі адам, қоғам, мемлекет дамуының маңызды қырларын ашып көрсеткендей. Сондықтан да ел ертеңі болашақ ұрпағымызды кішкентайынан бастап отансүйгіштікке, білім мен еңбекке ұмтылуға тәрбиелеу парызымыз. Бұл сезімдер біздің халқымызда ежелден бар қасиет”,- деді. Сондай-ақ, аталған орталық басшысы Бақытжан Қабайұлы, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасымен бірлесе ұйымдастырған облыстық іріктеу кезеңіне атсалысқан барлық ұстаздарға білім алушылардың мамандық таңдаудағы қызығушылықтарын жандандыруда қосып жүрген елеулі еңбектері үшін өзінің жүрекжарды алғысын білдірді. Форум қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, жетекшілеріне арнайы Алғыс хаттар тапсырылды. Айта кетейік, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №18-4/1695 санды хатына сәйкес, қашықтық форматтағы республикалық маңызы бар іс-шараларды өткізу бойынша «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының» 2022 жылға арналған іс-шараларының бірі «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының облыстық ірікеу кезеңінен бастау алды.и ещё 2

33Нуржан Айтимбетов и ещё 32Комментарии: 6Поделились: 1НравитсяКомментироватьПоделиться