Home Әлеумет «Lesson Study» әдісінің тиімділігі

«Lesson Study» әдісінің тиімділігі

«Сабақтағы іс – әрекетті зерттеу» үдерісін мектеп тәжірибесіне енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру және педагогтердің кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінде 4 зерттеу – дамыту тобы құрылып, осы үдерісті іске асырып жатыр.Зерттеу нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жою үшін бірлесе отырып қайта жоспарлау жұмыстары іске асырылып отырды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде оқушыларда қозғалыс, сабаққа деген белсенділік, үлгерімі төмен оқушылардың айтылым, жазылым дағдыларының қалыптасып келе жатқаны байқалды. Сонымен қатар топ мүшелерімен ақылдаса келе, түрлі іс-шараларды ұйымдастыруды жоспарладық. Атап өтсек, үлгерімі төмен оқушылармен « Кім жылдам?» ойыны ұйымдастырылды. Сайыс барысында оқушылардың бойынан ерекшеліктер байқалды. Сонымен қатар “Үштік ынтамақтастықты” нығайту барысында ата-аналармен жиындар өткізілді. Жиын барысында ата-аналардың белсенденділігі, «Lesson Study» әдісінің тиімді екенін, балалар біліміне оң нәтиже беретініне сенім білдірді.