Home Әлеумет КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекованың төрағалық етуімен төтенше жағдайлардың алдын алу мен оның зардаптарын жою жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылған жиынға Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Т.Досалиев пен төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы азаматтық қорғау майоры Н. Рахмбердиев, Арыс қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ә.Бейсенов және Арыс қаласы әкімдігінің жанынан құрылған комиссия мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде үш мәселе қаралды.

  1. Арыс қаласы аумағындағы қыс-көктемде орын алатын табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу;
  2. Арыс қаласына қарасты Ақдала ауылдық округі Ақын Жақып елді мекенінің іргесіндегі «Сарыкөл–Қожатоғай–КХ-13» тас жолын (41-42 шақырым маңын) Сырдария өзенінің арнасы шаю қаупі;
  3. 2021-2022 жылғы жылыту маусымында қала тұрғындарының улы газбен улануының алдын алу мәселелері талқыланды.
    Комиссия мүшелері мен сала мамандары аталған мәселелерді оңтайлы шешудің жолдарын талқылап, осы мақсатта мүдделі мекемелерге тиісті ұсынымдар әзірлеу жөнінде шешім қабылданды.