Home Әлеумет ИМАМДАРМЕН КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

ИМАМДАРМЕН КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ


Бүгін Арыс қаласы ішкі саясат бөлімінің ұйымдастырумен қала әкімдігінің кіші мәжіліс залында ҚМДБ-ның қалалық филиалдарының имамдарымен кездесу өтті. Кездесуге қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Д.Егізбаев, сала мамандары және БАҚ өкілдері қатысты.
Аталған жиында ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықты сақтау, жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, қала аумағында тазалықты сақтауды насихаттау және дәстүрлі Ислам дінін мекемелер мен қоғамдық іс-шараларда дәріптеу тақырыптары талқыланды.
Жиын барысында қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев: «Ел арасында молдалардың және имамдардың ашық күнде адасып, басқа дінге өтіп кеткен қандастарымызды арамызға қайта оралтуға ықпал жасаса» – деп ұсыныс білдірді.
Өз кезегінде ішкі саясат бөлімінің басшысы Д.Егізбаев дін саласында тұрақтылық пен бірлікті нығайту, қала тұрғындарының арасында діни біліктілікті және руханиятты көтеру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылғандығын және діни мерекелерде қала әкімдігі тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетіндігін атап өтті.
Кездесу қорытындысында имамдар тарапынан бірқатар ұсыныстар мен пікірлер айтылып, алдағы уақытта нәтижелі жұмыстар жүргізілетіндігі тілге тиек етті.