Home Әлеумет ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін Департамент басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай Жетісай ауданына жұмыс сапары барысында аудан тұрғындарын қабылдап, олардың жеке мәселелеріне үңілді.

Аудан активімен кездесуден соң, жеке қабылдауға жазылған азаматтарды қабылдап, жанайқайын жеткізген жетісайлықтардың талап-тілектеріне құлақ түрді.

Қабылдауда өңір тұрғындарының басым көпшілігі жеке мәселелерін көтеріп, әлеуметтік көмек, тұрғын үй сынды салалар бойынша өтініштерін жеткізді.

Қабылдау барысында көтерілген мәселелердің шешімін табу мақсатында нақты жауапты тұлғаларға тиісті жұмыстарды атқару жүктелді.