Home Басты жаңалықтар ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ БАСТЫ НАЗАРДА

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Өңірде денсаулық сақтау саласы бойынша өткен жылы облыстың медициналық ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруына 2,5 млрд. теңгеге 525 дана медициналық құрал-жабдықтар сатып алынған. Нәтижесінде жарақтандыру көрсеткіші 82,6%-ға жеткізілген. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев рухани шаһар тұрғындарымен кездесуінде баяндады.
«Ағымдағы жылы 17 денсаулық сақтау нысандарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда 12 нысан пайдалануға берілді. Қалған 5 нысан 2022 жылға өтпелі. Мемлекеттік жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында 476,3 млн. теңгеге 4 ФАП құрылысы іске асырылып, пайдалануға тапсырылды.
Сонымен қатар, облыс орталығында 200 төсек орындық модульді аурухана салынды. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 570 төсек-орынға көпсалалы ауруханасының құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жедел жәрдем қызметін нормативке сәйкестендіріп, жүктемесін азайту мақсатында демеушілікпен 25 бригадаға арналған типтік жедел жәрдем станциясы салынуда», деді өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев.