Home Әлеумет ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ М. ӘЗІЛХАНОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ М. ӘЗІЛХАНОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін Сауран ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановпен кездесу өтті.

Кездесуге Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков, Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, аудандық этномәдени бірлестіктер, жергілікті құқық қорғау орган өкілдері және жастар ұйымының өкілдері қатысты.

«Сауран – астаналық мәртебеге ие болған тарихи қала. Тарихи топырақта көне қаланың атауымен жаңа ауданның құрылуы да тарихи оқиға. Жаңа аудан ашылған соң, тіршілік те жаңарады, халық та серпіледі. Сіздерді жаңа ауданның құрылуымен құттықтап, жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!», – деді Марат Алмасұлы.

Кездесуде сөз сөйлеген Сауран аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Ахметов: «Ауданды құрудағы басты мақсаттардың бірі халықтың ауызбіршілі мен ынтымағын арттыру. Жаңа ауданда түрлі қоғамдық ұйымдар құрылып нәтижелі жұмыс жасауда. Халықтар достығын нығайту да біздің басты мақсатымыз», – деп Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі М. Әзілхановқа Сауран ауданына арнайы келіп, кездесу өткізгені үшін аудан тұрғындары атынан алғыс білдірді.