Түркістан облысының басшысы Өмірзақ Естайұлының тапсырмасына орай Сайрам ауданында карантин режимін сақтау шаралары жүзеге асырылуда.
Осы тұрғыда аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков өзі бастап, көше-көшелер мен қоғамдық орындарды жаяу аралап, жергілікті тұрғындарға соңғы қаулы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
– Құрметті аудан тұрғындары қазір ел аумағында карантин режимі енгізілген.
Кеше Үкіметтік комиссияның шешімімен 2020 жылдың 5-ші шілдесінен бастап ҚР
аумағында 14-күнге карантин режимі ұзартылып шектеулер күшейтілді, – деді аудан
басшысы.
Айт кетейік, еімізде COVID-2019 індетін жұқтырғандар саны 44 мыңнан асып отыр. Осыған байланысты халық саулығын сақтау мақсатында ойын-сауық, спорт және басқада бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге шектеу қойылды.
Ұ.Сәдібеков 65 жастан асқан азаматтарды аса қажетті жағдай болмаса, көшеге шықпауға, ауыл тұрғындарын көшелерде, саябақтарда, скверлердегі серуенге 3 адамнан артық жиналмауға және қоғамдық орындарда әрқашан маска киіп, 2 метрлік қашықтықты сақтауға шақырды.