Home Әлеумет ҚАРТТАР ЖАС САРБАЗДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚАРТТАР ЖАС САРБАЗДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев: «Аға буынның ұлы істерін жалғастыра отырып, біз болашақ ұрпаққа жол ашамыз» деп атап өткендей үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз.
Бүгінде еңбектерінің зейнетін көріп отырған шақта да, қарияларымыз ұрпақтарымызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан еш жалыққан емес.
Олардың өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдамалары Біздер үшін әрқашанда орны ерекше.
1-қазан Қарттар күніне орай, «Қарттарын қадірлеген-ел ардақты» тақырыбында Арыс қаласының білім беру мекемелерінен құрылған «Барыс» жас сарбаздары қазыналы қарттарымызбен кездесіп дөңгелек үстел өткізді.
Кездесу барысында ардагерлер жастарға аға буынның ұлы істерімен, даналық сөздерімен және өзекжарды ойларымен бөлісті.
Жас сарбаздарымыз өздерінің ойларында жүрген пікірлерімен және ұсыныстарымен бөлісіп, кездесу әсерлі өтті.
Мұндай игілікті шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.