Home Әлеумет «Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауының қалалық іріктеу кезеңі өтті

«Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауының қалалық іріктеу кезеңі өтті

Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының» жоспарына сәйкес 2022 жылдың 09 наурызы күні Кентау оқушылар үйі базасында, Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №3,12,14 және Оқушылар үйінің бишілер тобының қатысуымен «Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауының қалалық іріктеу кезеңі болып өтті. Фестиваль-байқаудың мақсаты: білім алушылардың хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және одан әрі дамыту бойынша жүйелі және мақсатты іс-шаралар жүргізу, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға тарту. Байқауда бишілер тобы екі кезеңде өнер көрсетті.1. Халық биі және халықтық стильдегі би; а) әлем халықтарының билері; б) қазақ биі;2. Заманауи би: а) эстрадалық би; б) аралас би.Қатысушылар әр кезең бойынша өз өнерлері бойынша, шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.Байқауға қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің кабинет меңгерушісі А.Мақұлбекова, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскерлері Г.Байдюсенова, Р.Жайымбай, балалар көркемсурет мектебінің директоры Н.Жұмаш, балалар саз мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.П.Смирнова қазылық жасады. Қазылар алқасының шешімімен «Сахналық шеберлігі үшін» номинациясы бойынша №3 Қазақстанның ХХХ жылдығы атындағы мектеп-гимназиясының «Шахло» би тобы, ІІІ-орын Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебінің «Флешмоушн» би тобы, ІІ-орын әл-Фараби атындағы №14 мектеп –гимназиясының «Ай қаракөз» би тобы иеленіп, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды. І-орын алған Кентау оқушылар үйінің «Самал» би тобы 2022 жылдың 11 наурызында өтетін облыстық іріктеу кезеңіне жолдама алды.