Home Қоғам ТАЗАРУ КҮНІНЕ ОТЫРАРЛЫҚ ЖАСТАР БЕЛСЕНЕ ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

ТАЗАРУ КҮНІНЕ ОТЫРАРЛЫҚ ЖАСТАР БЕЛСЕНЕ ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы Тазару күнінде  Отырар ауданында жалпыхалықтық сенбілік өтті.


Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Наурыз мерекесін тоғыз күн бойы атап өту жоспарланған болатын. Мерекелік күнтізбе аясындағы «Тазару күніне» орай ұйымдастырылған  «Наурыз – мерекем, Наурыз – берекем» атты сенбілікке аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері, ҮЕҰ өкілдері мен еріктілер қатысса, “Ауылым-алтын бесігім” деп ұрандатқан жастар белсене атсалысып,  көше бойын қураған шөптер мен қоқыстардан тазартып, сырлау, әктеу жұмыстарын жүргізіп, саябақтар мен арнайы белгіленген орындарға көшеттер отырғызды.

ішінде  “Шәмші”, “Ардагерлер”, “Жастар”, Арыс өзені жағалауындағы саябақтарға, Қарақоңыр, Көксарай, Талапты, Шәуілдір, Темір, Шілік, Ақтөбе, Маяқұм, Балтакөл ауыл округтеріндегі арнайы белгіленген орындарға, жалпы аудан бойынша 5000-ға жуық ағаш көшеттерін отырғызды