Home Uncategorized «ТƏУЕЛСІЗДІК-ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ СПАРТАКИАДА ЕЛЖАНДЫЛЫҚ ПЕН ПАТРОТИЗМДІ ҮГІТТЕЙДІ

«ТƏУЕЛСІЗДІК-ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ СПАРТАКИАДА ЕЛЖАНДЫЛЫҚ ПЕН ПАТРОТИЗМДІ ҮГІТТЕЙДІ

Түркістанда Балуан Шолақ спорт кешенінде қыздар арасында волейболдан спартакиада аяқталды. Қазақстан Тəуелсіздінің 30 жылдығына арналған бұл спорттық іс-шара облыс бойынша кең көлемде ұйымдастырылды. Жастарымыз «Тəуелсіздік-тұғырым» атты спартакиада барысында елжандылық пен патротизмді үгіттеді. Жарыстың ашылу салтанатында облыс спортының басшысы Қанат Жолдықараев қатысып, Президент жолдауындағы бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру жайында кеңінен əңгіме қозғады. Биыл үшінші рет жалауы түрілген жарысқа Түркістан облысының барлық аймағынан волейбол спортын жанына серік еткен бұрымдылар келіп, бақтарын сынады. Шаршы алаңда жеңіске жеткен Шардара ауданының құрамасы бас жүлдені жеңіп алса, Түркістан қаласының волейболшы қыздары күміс жүлдегер атанды. Ал, Жетісайдан келген талантты қыздар қола жүлдені қанағат етті. Аса тартыспен өз мəресіне жеткен спартакиаданың қорытындысы бойынша «Үздік қорғаушысы» номинациясын жетісайлық Усербаева Гүлайым иеленді. Көрермендерге өзінің шеберлігін көрсеткен Түркістан қаласының спортшысы Бибінұр Дінмұхамедқызы «Үздік байланыстырушы» атанды. Бұдан басқа «Үздік шабуылшы» атанған Шардара ауданы құрамасының ең талантты волейболшысы Әліхан Ұлбала тағы да бір мықтылығын дəлелдеп берді. Үшінші рет жалғасын тауып жатқан спартакиада алда тағы 12 спорт түрлері бойынша жеңімпаздарды анықтайтын болады.