Қала әкімі Ә.Өсербаевтың төрағалығымен өткен кезекті мәжілісте қаладағы бір қатар өзекті мәселелер күн тәртібіне арқау болды. Қаланың жаңа құрылысы, мемлекет қажеттілігіне алынатын нысандар бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, қаланың инфрақұрылым жүйелерімен жалпы тазалығы туралы кеңінен талқыланды.
Көктемгі сенбілік жұмыстары, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарының іс-шарасы бойынша тұрақты жұмыстар жүргізілуі керектігі айтылып, өз кезегінде қала басшысы қала тазалығының сын қарауын пысықтады. Ең алдымен қаланы жасыл желекке айналдыру үшін суландыру жүйесін жолға қою қажеттілігі айтылды. Сенбілік барысында орталық көшелердегі сауда нүктелері мен үйлердің көтермейтіндігі туралы жауапты мекемелерге ескертті. Осыған орай,«Тазалық-Жарық» мекемесіндегі қажетті техникалардың қатарын және жұмысшы күшін көбейтуді тапсырып, көктемгі сенбілік жұмыстарына қаладағы барлық мекемелердің жауапкершілікпен қасбеттерін біркелкі сәулеттік үлгіге келтіруді тапсырып, алдағы Наурыз мерекесіне орай «Этно ауыл» аймағындағы ұлттық нақыштағы келбетті қайта түрлендіруді керектігін айтты.
Өз кезегінде қала басшысы Ә.Өсербаев: «Тәуке хан даңғылы бойындағы сауда орындары мен базарларды, автобекеттер мен авто тұрақтарды мамандандырылған қызмет түрлері мен реттері бойынша қала шетіне шығару жұмыстарын заң талаптарына сәйкес қолға алуымыз керек. Өйткені халықтың негізгі бөлігі, көлік ағыны осы орындарға шоғырланғандықтан көлік кептелістері мен антисанитарлық жағдайларды қалыптастыруда. Сондықтан да осы орталықта орналасқан көшелерді кеңейту, абаттандыру инфрақұрылымындарын жетілдіру жұмыстарын жүргізу кезек күттірмейтін мәселе. Сонымен қатар, қалада құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақтардан шығатын жүк көліктерін жуып-шаятын бекеттерін орнатылып, 15-наурыздан бастап іске қосылуы тиіс. Аталған шаралардың жүзеге асырылуын қатаң қадағалау сонымен қатар қала ішіне ауыр жүк көліктерінің кіруіне шектеу қою ішкі істер басқармасы тарапынан қатаң бақылауға қойылатын болады» –деді.
Мәжіліс барысында облыстың орталығы болған қаламызда атқарылып жатқан жұмыс қарқынының баяу екендігіне сын көзбен қараған қала басшысы барлық мекеме басшыларына:
«Түркістанды баршамыз армандаған қалаға айналдыру үшін әлі қаншама тынымсыз еңбек, асқан қарым-қабілет пен мықты күш-жігер қажет. Себебі нағыз қайнаған қара жұмыстар енді басталды. Сіз бен біздің сыналар шағымыз. Халық үшін, ұрпағымыздың кемел келешегі үшін тек аянбай жұмыс жасауымыз керек» – деп, үлкен сенім мен міндет жүктеді.