Home Спорт ТҮРКІСТАН: ЖАС СПОРТШЫЛАР ЧЕМПИОНАТҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ЖАС СПОРТШЫЛАР ЧЕМПИОНАТҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Наурыз айының 12-14 күндері аралығында Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында “Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы” және “Қ.Мұңайтпасұлының 150 жылдық” мерейтойы аясында қазақ күресінен 2001-2003 ж.т. жастар және 2004-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасында Түркістан облысының чемпионаты өткізілді. Аталған чемпионатқа облысымыздың аудандарынан жиналған мықты палуандар жарысы, қызықты әрі тартысты өтті. 2004-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасында жерлестеріміз 3 алтын, 3 күміс, 3 қола алқаны қанжығаларына байлады. Атап айтар болсақ: Ұлдар;Нұрбаев Нұрбек 65 кг салмақ дәрежесінде І – орынҚалмырза Ердәулет +82 кг салмақ дәрежесінде ІІ – орын Қыздар;Қыдырәлі Ақбота 65 кг салмақ дәрежесінде І – орынСәттіллә Балжан 60 кг салмақ дәрежесінде І – орынАбақова Адина +65 кг салмақ дәрежесінде ІІ – орынМахамадияр Асем 48 кг салмақ дәрежесінде ІІІ – орынПазилбекова Арайлым 60 кг салмақ дәрежесінде ІІІ – орын иеленді. І – ІІ орын иеленген спортшыларымыз алдағы уақытта Орал қаласында өтетін ҚР Чемпионатына жолдаманы иеленді. Сонымен қатар, 2001-2003 ж.т. жастар арасында:Абдраймов Джахар 72 кг салмақ дәрежесінде ІІ – орынИскаков Дінмұхаммед 84 кг салмақ дәрежесінде ІІІ – орынды иеленді. Аталған палуандар 5-8 сәуір күндері аралығында Қостанай қаласында өткізілетін ҚР Чемпионатына жолдаманы иеленді.