Home Спорт ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕСКЕКШІЛЕРІ ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕСКЕКШІЛЕРІ ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

17-19 мамыр аралығында Теміртау қаласындағы «Самарқанд» су қоймасында академиялық есуден Қазақстан кубогы өтті. Жарысқа еліміздің 5 өңірінен 96 мықты спортшы қатысты.

Түркістан облысының ескекшілері аға жаттықтырушы Иван Лукьяновтың басшылығымен 4 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

Қазақстан кубогы финалының жалпы есебінде Су спорты түрлері бойынша Түркістан облыстық спорт мектебінің өрендері жасындай жарқылдады. Атап айтсақ, Владислав Яковлев, Александр Афанасьев, Ангела Полянина, Владислав Галкин және Иван Чернухин өз сайыстары бойынша жеңіс тұғырынан көріне білді.

Тартысты сайыс нәтижесінде жалпыкомандалық 1-орын мен Қазақстан кубогын Түркістан облысының құрама командасының ескекшілері жеңіп алды. Екінші орынды Астана командасы иеленсе, жүлдегерлердің үштігін Қарағанды облысының спортшылары қорытындылады.