Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Әл-Фараби жалпы орта мектебінің жаттықтырушысы Анатолий Генадиевич Мамедов баптаған шәкірттері “Ұлттық мектеп лига” жарыстары бойынша қол добы спорт түрінен жеңіске жетті.
Жеңімпаз қыздар жамбылдық спортшыларды 12-22 ұпай есебімен ойсыратса, Түркістан-Атырау 5-32 есебімен алға шықты. Ал, Түркістан-Алматы 13-19 ұпаймен алматылық нәзік жандылар жеңіліске ұшырады. Сондай-ақ, жартылай финалда Маңғыстау облысынан келген спортшы қарсыластарын 7-26 есебімен тізе бүктіріп финалға шықты. Ал финалда Қызылорда облысы, Қазалы ауданынан келген команданы 17-29 есебімен қарсыластарына мүмкіндік бермей үлкен басымдылықпен жеңіске жетті.
Жалпы, ұдайы өткізіліп келе жатқан Ұлттық
мектеп лига жарыстары бойынша жалпы командалық есепте алтын медаль саны жағынан
Түркістан облысы екінші орын, ал жалпы медальдар саны жағынан бірінші орынға ие
болды