Домой Uncategorized БҒМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ 2021 ЖЫЛҒЫ РЕЙТИНГІН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

БҒМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ 2021 ЖЫЛҒЫ РЕЙТИНГІН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының 2021 жылғы рейтингін қорытындылады. Зерттеуді ҚР БҒМ тапсырысы бойынша «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы жүргізді. Рейтинг нәтижелері бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында белгілі болды.Жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары үш блокқа біріктірілген 19 критерий бойынша бағаланды: түлектердің мансаптық болашағы, білім беру бағдарламаларының сапасы және білім алушылардың жетістіктері.Зерттеу көрсеткендей, жұмыс берушілердің жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламаларының сапасы мен өзектілігіне қанағаттану көрсеткіші едәуір артқан, соңғы жылдары бұл көрсеткіш + 28 пайызды құрады.Рейтинг көрсеткендей, жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының 85%-ы жұмыс берушілермен келісілген. Бағдарламалардың 88%-ы танылған аккредиттеу агенттіктерінде аккредиттеуден өтті.Жұмысқа орналасқан түлектердің саны өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға артып отыр. Осылайша, 2021 жылы жұмыспен қамту орташа есеппен 77% құрады.Практикаға бағдарланған мамандықтар үшін оқу процесіне практикалық тәжірибесі бар оқытушыларды тарту бойынша оң үрдіс байқалады. Практик-оқытушылардың саны 75%-ға дейін артты. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР БҒМ отандық жоғары оқу орындарына штаттық қызметкерлер болып табылмайтын және ғылыми дәрежесі жоқ практик-мамандарды жұмысқа шақыру бойынша заңнамаға өзгерістер енгізген болатын.Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу тәжірибесі бойынша да жақсы көрсеткіштер бар, оның ішінде шетелдік жоғары оқу орындарында түлектердің 55%-ы білім алуда.Білім беру жүйесін цифрландыру көрсеткіштері бойынша да айтарлықтай оң өзгерістер байқалып жатыр. Жоғары оқу орындарының 90%-ында электронды кітапханалар бар, 87%-ы плагиатқа қарсы жүйені, 81%-ы прокторинг жүйесін енгізді. Рейтинг-2021 қорытындысы бойынша: «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету» бағыты бойынша жетекші орынды С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ЖОО иеленді, ал Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы аутсайдерлер қатарында.Заң саласы бойынша Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті дәстүрлі түрде көш бастап келеді.«Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті алдыңғы орында тұр. Ал Шымкент қаласындағы А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті, «Сырдария» университеті төменгі орында тұр.«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыты бойынша ХАТУ, ал «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» бойынша — М. Қозыбаев атындағы СҚУ алдыңғы орында тұр. «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» және «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» сияқты үш бағыт бойынша Торайғыров университеті көш бастап келеді.Еліміздегі көпсалалы жоғары оқу орындары арасындағы жалпы рейтингте Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Торайғыров университеті, Қазақстан-Неміс университеті үздік атанды.Бейінді ЖОО-лар арасында Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті үздік болды.Сондай-ақ Қазақстан-Британ университеті, Нархоз университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, КИМЭП университеті сияқты жоғары оқу орындары алдыңғы қатарда тұр.Келесі жоғары оқу орындары әдеттегідей аутсайдерлер қатарында: академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті, Орталық Азия инновациялық университеті, Сырдария университеті, Шымкент университеті.Рейтинг қорытындысы білім беру бағдарламаларын жетілдіру бойынша жұмыс атқармаған жоғары оқу орындары аутсайдерлер қатарына қосылғанын көрсетіп отыр. Әдетте бұл университеттер білім беру бағдарламаларына инвестиция аз бөледі, практик-оқытушыларды аз жұмылдырады және жыл сайын ҰБТ/КТ-да төмен балл жинаған абитуриенттерді оқуға қабылдайды. Рейтинг нәтижелерімен толығырақ ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР «Атамекен» ҰКП ресми сайттарында танысуға болады. Түлектер мен олардың ата-аналарына университет таңдау кезінде білім беру қызметінің сапасына баса назар аудару керек екенін тағы да ескертеміз.БҒМ мен жұмыс берушілер рейтингісінің қорытындысы бойынша аутсайдер ЖОО-лар әдетте жұмысын тоқтатқан жоғары оқу орындарының тізіміне енетінін тәжірибе көрсетіп отыр.

МОН РК ПОДВЕЛ ИТОГИ РЕЙТИНГА КАЗАХСТАНСКИХ ВУЗОВ 2021 ГОДАМинистерство образования и науки РК подвело итоги рейтинга вузов 2021 года. Исследование проводилось по заказу МОН РК Национальной палатой предпринимателей «Атамекен». Результаты были озвучены сегодня на площадке Службы центральных коммуникаций при Президенте РК.Образовательные программы вузов оценивались по 19 критериям, объединенным в три блока: карьерные перспективы выпускников, качество образовательных программ и достижения обучающихся.Как показало исследование, значительно увеличился показатель удовлетворенности работодателей качеством и актуальностью образовательных программ вузов, динамика за последние годы составила+ 28%.Как показал рейтинг, 85% образовательных программ вузов были согласованы с работодателями, 88% образовательных программ прошли аккредитацию в признанных аккредитационных агентствах.Число трудоустроенных выпускников возросло на 12% в сравнении с прошлым годом. Таким образом, средний процент трудоустройства в 2021 году составил 77%.Положительная тенденция наблюдается в привлечении к учебному процессу преподавателей с практическим опытом, особенно по практикоориентированным специальностям. Число преподавателей-практиков увеличилось до 75%. Напомним, ранее МОН РК внес изменения в законодательство для того, чтобы отечественные вузы могли приглашать на работу профессионалов-практиков от производства, не являющихся штатными работниками и не имеющих ученые степени.Хороший показатель по опыту участия в программе академической мобильности, в том числе в зарубежных вузах, – 55% выпускников.Наблюдаются значительные улучшения и по показателям цифровизации системы образования. Уже 90% вузов имеют электронные библиотеки, 87% вузов внедрили систему антиплагиата, 81% – систему прокторинга.Относительно позиции вузов по итогам рейтинга 2021 года. По направлению «Здравоохранение и социальное обеспечение» лидирующую строчку занял КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, в аутсайдерах Южно-Казахстанская медицинская академия.По направлению «Юриспруденция» традиционно лидирует КазГЮУ им. М.С. Нарикбаева.По направлению «Педагогические науки» в лидерах Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева. Самую низкую позицию занимает Университет дружбы народов им. А.Куатбекова, Шымкентский университет, Университет Сырдария.По направлению «Информационно-коммуникационные технологии» лидирует МУИТ, по направлению «Сельское хозяйство и биоресурсы» – СКУ им. М. Козыбаева. По трем направлениям – «Естественные науки, математика и статистика», «Искусство и гуманитарные науки», «Социальные науки, журналистика и информация» – лидирует Торайгыров Университет.В общем рейтинге среди многопрофильных вузов лучшими стали Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева, Торайгыров Университет, Казахстанско-Немецкий университет.Среди профильных вузов лучшим стал КазГЮУ им. М.С. Нарикбаева. Также высокие позиции занимают такие вузы, как Казахстанско-Британский университет, Университет Нархоз, Международный университет информационных технологий, Университет КИМЭП.Уже традиционно аутсайдерами являются следующие вузы: Университет дружбы народов им. А.Куатбекова, Шымкентский университет, Университет Сырдария, Центрально-Азиатский инновационный университет.Итоги рейтинга показали, что в число аутсайдеров вошли вузы, которые не провели работу по совершенствованию образовательных программ. Как правило, эти вузы мало инвестируют в образовательные программы, не привлекают преподавателей-практиков и ежегодно набирают абитуриентов с низкими баллами ЕНТ/КТ.Подробнее с результатами рейтинга можно ознакомиться на официальных сайтах МОН РК и НПП РК «Атамекен».В очередной раз обращаем внимание абитуриентов и их родителей на то, что при выборе университета необходимо ориентироваться на качество образовательных услуг.Как показала практика, вузы-аутсайдеры по итогам рейтинга МОН и работодателей впоследствии попадали в список закрываемых вузов.