Домой Мәдениет ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ: АТҚА МІНУ МӘДЕНИЕТІ

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ: АТҚА МІНУ МӘДЕНИЕТІ

Атқа міну мәдениеті Атқа міну мәдениеті мен жылқы ша­руа­шылығы жер жүзіне Ұлы даладан та­ра­ғаны тарихтан белгілі. Еліміздің солтүстік өңіріндегі энео­лит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүр­гізілген қазба жұмыстары жылқының тұң­ғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қол­ға үйретілгенін дәлелдеді. Жылқыны қолға үйрету арқылы біз­дің бабаларымыз өз дәуірінде адам айт­қысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ау­қым­да алсақ, шаруашылық пен әскери са­ладағы теңдессіз революцияға жол аш­ты. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мә­дениетінің де негізін қалады. Бес қа­руын асынған салт атты сарбаз айбарлы көш­пенділер империялары тарих сах­насына шыққан дәуірдің символына ай­налды. Ту ұстаған салт атты жауынгердің бей­несі – батырлар заманының ең таны­мал эмблемасы, сонымен қатар, атты әс­кердің пайда болуына байланысты қа­лыптасқан көшпенділер әлемі «мәдени ко­дының» айрықша элементі. Автокөлік қозғалтқыштарының қуа­ты әлі күнге дейін аттың күшімен өл­ше­неді. Бұл дәстүр – жер жүзінде салт ат­ты­лар үстемдік құрған ұлы дәуірге деген құр­меттің белгісі. Біз әлемнің барлық түкпіріне ежелгі қа­зақ жерінен тараған осынау ұлы тех­нологиялық революцияның жемісін адам­зат баласы ХІХ ғасырға дейін пай­даланып келгенін ұмытпауға тиіспіз. Қазіргі киім үлгісінің базалық ком­поненттері Дала өркениетінің ерте ке­зеңі­нен тамыр тартады. Атқа міну мә­де­ниеті салт атты жауынгердің ықшам киім үл­гісін дүниеге әкелді. Ат үстінде жүр­ген­де ыңғайлы болуы үшін бабаларымыз ал­ғаш рет киімді үстіңгі және астыңғы деп екіге бөлді. Осылайша, кәдімгі шал­бар­дың алғашқы нұсқасы пайда болды. Бұл салт атты адамдардың ат құла­ғын­да ойнауына, ұрыс кезінде еркін қи­мылдауына мүмкіндік берді. Дала тұр­ғын­дары теріден, киізден, кендір мен жүн­нен, кенептен шалбар тікті. Содан бе­рі мыңдаған жыл өтсе де, киімнің осы түрі өзгере қоймады. Қазба жұмыстары ке­зінде табылған көне шалбарлардың қа­зіргі шалбардан еш айырмасы жоқ. Сонымен қатар, бүгінгі етіктердің бар­лық түрі көшпенділер атқа мінгенде ки­ген жұмсақ өкшелі саптама етіктің «мұ­рагерлері» екені белгілі.