Домой Мәдениет ДӘСТҮРЛІ ОЛИМПИАДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

ДӘСТҮРЛІ ОЛИМПИАДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде журналистика   мамандығы бойынша XI студенттік пән олимпиадасы өтуде.  Олимпиадаға журналистика мамандығында білім алып жүрген    2-4 курс студенттері қатысуда. Екі кезеңнен тұратын сайыста  17 ЖОО-ның құрамасы бақ сынасты. «Ұлы Даланың ұлағаты»  тақырыбына әр команда бес минуттық бейнеролик таныстырды. Сондай-ақ жеребе арқылы алынған тақырыптарға сәйкес эссе жазды. Гид студенттер сайыс қатысушыларына Павлодар қаласының әсем жерлерін көрсетті. Экскурсия барысында Мәшһүр Жүсіп мешіті, Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер мұражайы, Ертіс жағалауы таныстырылды.

  Байқаудың екінші күнінде «Қазақ журналистикасының тарихы», «Жаңа медиа және интернет журналистика», «Телерадиожурналистика» бойынша тест сұрақтары берілді. Республикалық пән олимпиадасының мақсаты-төртінші билік иесі, болашақ журналистердің танымын кеңейтіп, шеберлігін арттыру. Журналистік қабілет-қарымды айқындап, отандық БАҚ-ты әлемдік деңгейге көтеру. Республикалық пән олимпиадасының жеңімпаздары командалық есепте анықталады. Жеңімпаздар ҚР Білім және ғылым минситрінің және С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ректорының дипломдарымен марапатталады.  

ХҚТУ студенті, Б.Әсілхан