Домой Мәдениет БІЗБІРГЕМІЗ

БІЗБІРГЕМІЗ

БІЗҮЙДЕМІЗ

Біз-ұстаздар қауымы, елімізде төтенше жағдай орын алса да, қиындықты жеңе білеміз. Қаншалықты қиын жағдай болса да, ұстаздар бір-бірімен шығармашылық байланыстарын үзбеген. Нұр-Сұлтан қаласының Әль-Фараби атындағы оқушылар сарайы,аспаптық бөлімінің ұстаздары мен №2 балалар музыка мектебі ұстаздары, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, К.Әзірбаев атындағы балалар саз мектебінің «Кенен сазы» фольклорлық ансамблі, Көкшетау қаласы, Біржан Сал атындағы музыкалық колледжі ұстаздары, Екібастұз қаласының Естай атындағы балалар музыка мектебінің ұстаздары ғаламтор арқылы байланысып, Сіздерге Шолпан Қорғанбектің «Қасиетті Елім» күй-поэмасын біріккен ұстаздар ансамблінің орындауында тарту етеміз. Бұл сәтте адамға денсаулықпен қатар рухани байлық керек. Осы шығарма көңілдеріңізден шығады деп ойлаймыз. Қабыл алыңыздар!