Халықаралық гуманитарлық — техникалық университеті мен Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасының Жастар ресурстық орталығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Мұндағы басты мақсат – қос тарап бірлесе отырып, қоғамдық – саяси, адамгершілік , этно-мәдени, діни және салауатты өмір салтын насихаттайтын іс-шараларды ұйымдастыра отырып, жастардың санасына отаншылдықты, рухани адамгершілікті, мәдени құндылықтарды сіңіру, ел дамуына үлес қосу.
Осы меморандум тараптар арасындағы жеке келісімдерде көрсетілетін бірлескен бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру мақсатында ынтымақтастық шарттарды реттейді.
Жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы Амалбек Өміртай мен Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің тәрбие және әлеуметтік даму жұмыстары жөніндегі проректоры Нұрлан Хайдаров алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды саралады.