Бұл туралы Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов “Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің” басшысы Әзімхан Омаровқа есеп беру кезінде тапсырды.
“Өткен жылдарда бірінші және екінші мөлтек аудандарда сенбілік
ұйымдастырып, барлығымыз жұмыла тазалаған едік. Жертөлеге бөлім басшысы
ретінде өзіңіз жеке кіріп, кемшіліктерін қарап, халықтың дүниесі демей,
қалыпқа келтіру жұмыстарын атқарыңыздар. Келер жұмада есебін қараймын”, –
деген шаhар басшысы одан өзге заңсыз салынған немесе заңсыз қоршап
алынған нысандарды “Жер қатынастары” бөлімімен бірге анықтауды тапсырды.
Рашид Абатұлы бөлім басшысына тұрғындардың емін-еркін жүруі және
балалардың кедергізіп ойнап, қолайлы орта қалыптастыруы үшін аталған
жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.
Жалпы, Түркістан қаласында тұрғын үй кезегіне 13025 отбасы тіркеліп тұр. Оның ішінде, халықты әлеуметтік жағынан осал топтағылар, көп балалы отбасылар, мемлекеттік немесе бюджеттік қызметкерлер, кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар. Азаматтарға үйлердің берілуі кезек реттілігімен көпқабатты үйлердің құрылысы аяқтала үлестіріледі.