Домой Қоғам САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН НАЗАРДА ҰСТАУ ПЫСЫҚТАЛДЫ

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН НАЗАРДА ҰСТАУ ПЫСЫҚТАЛДЫ


Төлеби ауданына қарасты Қаратөбе ауылдық округінде жержүзін алаңдатқан індетке байланысты тұрғындардың қауіпсіздігін нығайту жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта, аталмыш жайдың алдын алу барысында Қаратөбе ауылдық округінің әкімдігі тапарынан «covit-19» індетінің таралуына орай карантиндік шектеу жұмыстарын қадағалау мақсатында арнайы құрылған мобильдік топ Қаратөбе ауылдық округінің тұрғындарына, қоғамдық орындарға, дүкендерге барып, карантин режимін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Тұрғындар арасында алдын алу шараларына түсіністікпен қараушылар қатары мол болды. Десе де сақтық барысында өз денсаулығын алаң қылмайтындар да кездескенін айта кету қажет. Осындай азаматтарға аталмыш мобильдік топ түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сақтықта қорлық жоқ екендігін насихат етті.
Сонымен бірге, Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Майбұлақ елді мекенініндегі игілікті істі де айтпай кетуге болмас. Бұл ретте аталмыш елді мекен тумасы Қатаевтар отбасы «Біз біргеміз» акциясы аясында Майбұлақ елді мекенінде тұратын тұрмыс жағдайы төмен 30 отбасының арқайсына 30 000 теңгеден қаржылай көмек көрсетті.