Домой Қоғам ЕЛЖАНДЫ ЖАСТАР – ЕЛ ТІРЕГІ

ЕЛЖАНДЫ ЖАСТАР – ЕЛ ТІРЕГІ

Жуырда аудандық орталық кітапхананың «Білім орталығында» 2019 жыл – Жастар жылына орай ауданымыздың белсенді жастарының бірі, «Болашақ күн» бөбекжайының қазақ тілі пәні мұғалімі Бахутова Савлимен «Елжанды жастар – ел тірегі» атты кездесу сағаты өткізілді. Жастар жылына орай ауданымыздан шыққан түрлі саладағы жастардың талантын, талабын қолдау, үлгі ету мақсатында ұйымдастырылған кездесу сағатына С.Бахутованың отбасы, әріптестері, Сайрам аудандық тілдерді оқыту орталығының қызметкері С.Махул, оқырмандар мен кітапханашылар қатысты. Іс – шарада С.Бахутованың жетістіктері туралы слайд көрсетілді. Кеш кейіпкері көпшіліктің сұрақтарына жауап беріп, ұстаздық қызметінің қызығы мен қиындығы, жеткен жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы әңгімеледі. Кеш қонақтары жылы лебіздерін жеткізіп, кітапхана басшысы А.Таукебаева кеш кейіпкеріне биіктерден көріне беруіне тілектестігін білдіре отырып кітапхана атынан естелік сыйлық табыс етті.