Домой Қоғам АЭС — тұрақты даму жолындағы қадам

АЭС — тұрақты даму жолындағы қадам

Қазақстан әлемдегі ең ірі уран қорына ие бола отырып, өзінің энергетикалық балансын әртараптандыру мақсатында атом электр станциясын (АЭС) салу мүмкіндігін белсенді түрде қарастырып жатыр. Соңғы жылдары ел өзінің электр энергиясының негізгі бөлігін қамтамасыз ететін, бірақ көмірқышқыл газының көп мөлшерде шығарылуына және экологиялық қатерлерге әкелетін көмір электр станцияларына тәуелділігін азайтуды көздеп отыр.
ҚР ЭМ ВВР-К ИЯФ зерттеу реактор комлексінің инженері Ерлан Алпысбаевич Каюпов бұл қадамның маңыздылығын атап өтті:
«Қазақстан үлкен уран қорына ие және әлемдегі ең ірі өндірушілердің бірі болып табылады. Сонымен бірге, ел қазіргі кезде энергетикалық баланста үстемдік ететін көмір электр станцияларына тәуелділікті азайту үшін энергия көздерін әртараптандыруға ұмтылуда. АЭС-ті енгізу тұрақты және экологиялық таза энергиямен қамтамасыз ете алады», — деді ол.
АЭС құрылысы Қазақстанға көмірқышқыл газының шығарылуын азайтып, экологиялық жағдайды жақсартуға ғана емес, сонымен қатар елдің экономикасының түрлі салаларын дамытуға серпін береді деп күтілуде. Жобаны жүзеге асыру жаңа жұмыс орындарының ашылуына және аймақтық инфрақұрылымның дамуына ықпал етеді. Бұл өз кезегінде, елдің халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін сақтау үшін оның ғылыми-техникалық әлеуетін нығайтады.
Осылайша, Қазақстандағы АЭС құрылысы жобасы тұрақты даму жолындағы маңызды қадам болып табылады. Ол энергиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және дәстүрлі энергия көздеріне байланысты экологиялық тәуекелдерді азайтуда шешуші рөл атқара алады.

С.Асылжанов