Домой Қоғам АДАЛДЫҚ ЖҮРГЕН ЖЕРДЕ, АДАМДЫҚ ЖҮРЕДІ

АДАЛДЫҚ ЖҮРГЕН ЖЕРДЕ, АДАМДЫҚ ЖҮРЕДІ

Бүгін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев Отырар аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының ұжымымен кездесіп, тұрмыстық жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. 

Ағартушылық бағытта өрбіген келелі шараның негізгі мақсаты — парасаттылық құндылықтарын ел ішінде кең көлемде насихаттау арқылы мемлекеттік қызметшілердің бойына адалдық қасиеттерін дарыту және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу.  

Алқалы жиында сөз алған Е.Тұңғышбаев бұдан былай азаматтық кодексте мемлекеттік қызметшілерге кез келген құнды сыйлықтарды сыйға тартуға тыйым салынғаны туралы ақпарат беріп, жиынға қатысушыларды  пара алу, пара ұсыну, делдалдық ету сынды парақорлық әрекеттерден аулақ болуға шақырды. 

Жиын соңында сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша түйткілді сауалдар ортаға салынып, аудандық мемлекеттік мекеме басшыларының  ұсыныс-пікірлері тыңдалды.