Домой Білім ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА САРЫАҒАШ ПЕН САУРАНДА ЖАҢА ОҚУ ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА САРЫАҒАШ ПЕН САУРАНДА ЖАҢА ОҚУ ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Сарыағаш ауданына қарасты Дарбаза ауылдық округі, Сарысу елді мекеніндегі №40 Н. Әбдіров атындағы негізгі орта мектептің 200 орындық оқу ғимаратының құрылысы аяқталып, жаңа оқу жылында пайдалануға берілді. Білім ұясының ашылу салтанатына Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев арнайы қатысып, оқушылар мен ұстаздарды, жергілікті тұрғындарды құттықтап,

құрылысқа жауапты болған мердігер мекеме «Өмірзақ» ЖШС мекемесіне алғысын білдірді.

Салтанатты шара барысында ауыл ақсақалы да құттықтау сөз сөйлеп, аудан басшысына ақ батасын беріп, ауыл тұрғындарының атынан ризашылығын білдірді.

Іс-шара салтанатты түрде ұызыл лента қию рәсімімен жалғасты.

Білім ұясында 16 білікті ұстаз 80 оқушыны білім мен тәрбиеге баулып, саналы ұрпақ қалыптастыру мақсатында аянбай тер төкпек. Жаңадан бой көтерген оқу ғимаратында 15 оқу сыныптары бар. Химия, биология, физика, информатика, лингофон және мультимедиялық форматтағы пән арнайы пән кабинеттері озық үлгідегі құрал-жабдық­тар­мен қамтылған. 30 орындық асхана, кең спорт залы бар. Сонымен қатар, ұлдар және қыздарға арналған шеберханаларына станоктар мен тігін машиналары орнатылған. Балалардың білім көкжиектерін жан-жақты дамыту мақсатында мектеп ішінде кітапхана да орын тепкен. Білім ордасының қауіпсіздік жағы да күшейтілген.

Айта кетсек, мектепте бұған дейін оқу кабинеттері аз болып, асхана мен спорт зал болмаған. Облыстық бюджет есебінен салынған нысанның құрылысы 2022 жылы басталып, ағымдағы жылдың білім күні қарсаңында ел игілігіне табысталды.

Сарыағаш ауданында «1 қыркүйек- Білім күні» мерекесінде жеке инвестор есебінен заманауи үлгідегі 350 орындық жаңа мектеп есігін айқара ашты.

Дербісек ауылдық округі, Дербісек елді мекенінде жеке кәсіпкер Айбек Нарбаевтың есебінен салынған «Орал Нарбаев» 350 орындық зиятркерлік білім беру мектебінің ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Абдуллаев, облыстық мәслихаттың депутаты Алмас Салимов, Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі Бұхарбай Парманов, аудандық мәслихаттың төрағасы Смайл Тасқұлов, білім бөлімінің басшысы Дәулет Акатов және ауданның құрметті азаматтары арнайы қатысты. Білім ошағының қызыл лентасын қиып, оқу ғимаратын аралап көрді. Аудан әкімі Арман Айдарұлы оқушылар мен ұстаздарды, жергілікті тұрғындарды құттықтап, ақ жарма тілегін жеткізді.

Дербісек елді мекеніндегі «Орал Нарбаев» атындағы зияткерлік білім беру мектебінің құрылысы 2023 жылы басталған. 350 оқушыға арналған мектепте оқушылардың алаңсыз білім алуына қолайлы жағдай жасалған. Сондай-ақ, 52 ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Есік алдына асфальт төселген және көгалдандырылған. Мектептегі суық су мен жылу және санитарлық байланыс құбырлары орталықтандырылған. Білім ұясында кітапхана, химия, физика, еңбек және информатика кабинеттері толықтай заманауи құрал-жабдықтармен және интерактивті тақтамен жабдықталған. Мектептің спорт залы, асхана және медициналық бөлмесі бар. Әрбір бөлме арнайы құрал-жабдықтармен, жиһаздармен жабдықталып, сыртқы және ішкі бейнебақылау камералары орнатылған.Сонымен қатар, мектепте ішкі бассейн де орнатылған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында

«Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады,»-деген болатын. Осы бағытта Сауран ауданында атқарылып жатқан бірқатар ілкімді істер жетерлік. Мәселен, Білім күніне орай ауданда 4 бірдей жаңа білім ордасы есгін айқара ашты. Дәлірек айтсақ,150 орындық 1-мемлекеттік және 1950 балаға арналған 3 жекеменшік мектеп пайдалануға берілді.

Жалпы Сауран ауданы 2024-2025 жаңа оқу жылын 57 мектеппен бастады. Оның ішінде 42-сі мемлекеттік, 15 жекеменшік. Жалпы оқушылар саны — 25 мыңнан асып жығылады.

Биыл 1-сыныпқа 2215 бала қабылданды.

Жаңадан салынған мектеп іші спорт зал, асхана, акт залы, зертхана кабинеттері мен шеберхана, заманауи құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген. Қысқасы, сәні мен салтанаты жарасқан су жаңа білім ошағында әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалған.

Айта кетейік, биылғы 1-қыркүйек білім күніне арналған іс-шара 1-сынып оқушыларының қатысуымен «Мектебім —мейірім мекені» тақырыбы аясында өтті. Бұл мерекелік жиынға 1,11 сынып оқушылары қатысты.