Өңірдегі колледж педагогтері мен басшылары Франция, Германия еліндегі кәсіпорындармен техникалық және кәсіби білім беру орталықтарында тәжірибе алмасуда. Әріптестерді Түркістан облысының басқарма басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетұлы бастап барып, өндірістік практиканың басым бағыттарымен танысты.
Бұл сапардың негізгі мақсаты — тағылымдамадан өту және халықаралық келісім жасау. Алғашқы жұмыс күні халықаралық «PLAN B GGMBH & KOMPETENZZENTRUM DER EBG GGMBH IN BERLIN» сертификаттау орталығының директоры Tomas Zimmerman, Frankfurt қаласында тәжірибе алмасу бағытында әлемде 148 елде сертификаттау бойынша жасап жатқан жұмыстары туралы таныстырып, семинар өткізді.
Семинардың екінші жартысында «Mercedes» маркалы көліктерді шығаратын тарихы 1900 жылдан бастау алған күніне 475 жүк көлігін жинайтын зауытқа барды. Аталған компания автокөліктерден басқа, кеме және ұшақтарға арналған қозғалтқыштарды жасаумен айналысады. 1909 жылы пайда болған үш сәулелі белгі — компанияның суда, құрлықта, ауада жеткен жетісіктерінің символы ретінде танылған.
Германияның колледж студенттері дуальды оқу жүйесімен 80 пайыз практика, 20 пайыз теориялық тұрғыда білім алуда.
Бүгінгі таңда әлемде оқытудың дуальды жүйесі кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі. Өйткені, экономиканың қарқынды дамуымен кәсіби-техникалық маман иелеріне сұраныс та күн санап артуда.
Соған орай, теориядан гөрі тәжірибеге басымдық берілетін дуальдық жүйені енгізу халықты жұмыспен қамту проблемасын шешудің бірден-бір тиімді жолы екені анық.
Әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыруға жоғары талаптар қойыла бастады. Бұл үдеріске жаңа, барынша тиімді психологиялық-педагогикалық тәсілдеме іздеу жеделдетілді.
Заманауи инновациялық үдерістер баланың қабілетін ашудың бірінші деңгейі ретінде мектепке дейінгі білім беру жүйесіне әсер етеді. “Балдәурен” бөбекжай-бақшасында “Балалардың бастамасын, қызығушылығын және қозғалысын біріктіру – әлемді тануға апаратын жол” тақырыбында тәжірибеге бағытталған іс-шара өткізілді. Бұл шарада мектепке дейінгі білім берудің дамуы, жаңа сапалы деңгейге өтуі, инновациялық технологиялар баланы дамытудың тиімді жолы екені дәлелденді.
Іс-шараның өзектілігі – мектеп жасына дейінгі балаларда экспериментті-танымдық іс-әрекет арқылы дербес және белсенділік қабілетін қалыптастыру бағытында тәжірибе алмасу.
Бөбекжай-бақша тәрбиешілері білім беру кеңістігінде балалардың конструктивті біліктерін дамытуға бағытталған “Робототехника әлеміне саяхат”, зерттеу іс-әрекеті арқылы мәселенің мәнін түсіну және талдау, қорытынды жасауға бағытталған “Шай технологиялары” балалар эксперименті орталығында танымдық жұмыстарды ұйымдастырды.
Сондай-ақ “Lesson Study” тәсілі бойынша ұйымдастырылған ашық сабақ өтті. Балабақша ұжымы балалар денсаулығының бірыңғай жүйесінде бассейннің маңыздылығына баса мән береді. Сондықтан суда әртүрлі дене жаттығулары комбинацияларын пайдалана отырып, заттармен және затсыз әртүрлі қимылдар жасау мен саламатты өмір салтын сақтауға ынталандырудың әдіс-тәсілдерін ұсынды.
Жалпы балалардың эксперименті оның мектепке дейінгі дамуындағы жетекші әрекет болып табылады. Эксперимент тамақтану, ойын, оқу іс-әрекеті, жүру, ұйықтау арқылы енеді. Мектеп жасына дейінгі бала қазірдің өзінде зерттеуші болып табылады. Зерттеу іс-әрекетінің әр түріне – экспериментке қызығушылық танытады. Тәжірибелер баланың ойлауын, логикасын және шығармашылығын дамытуға көмектеседі және табиғаттағы тірі және жансыз заттардың арасындағы байланысты анық көрсетуге мүмкіндік береді. Осы ретте тәрбиеленушілердің тәжірибе барысында алған білімі мәңгілік сабақ болып қалады.
Облыстық “Өрлеу” орталығы мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне танымдық қабілеттерін дамыту үшін бірнеше жұмыс алгоритмін ұсынды. Ол – зерттеу объектісін таңдау, алдын ала жұмыс (экскурсия, бақылау, әңгімелесу, оқу, иллюстрациялық материалдарды тексеру, жеке құбылыстардың нобайлары, фактілер және т.б.), мәселенің теориясын зерттеу, эксперименттік бағытта ұйымдастырылған іс-әрекеттің түрін, мазмұнын және тақырыбын анықтау. Сонымен қатар тәрбиеленушілермен жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін іріктеу, ойын арқылы зейінді, қабылдауды, есте сақтауды, ойлауды дамыту, құрал-жабдықтарды, оқу құралдарын пайдалана отырып, алдын ала зерттеу жұмыстарын, жыл мезгілін, тәрбиеленушілердің жасын, оқытылатын тақырыпты ескере отырып, көмекші құралдар мен құрал-жабдықтарды таңдау және дайындау қажет.
Жалпы іс-шара соңындағы ұйымдастырылған рефлексияда баланың жасы мен даму деңгейіне сай келетін ресурстардың қолжетімділігі және қауіпсіз ортада тәрбиелеу жайында әңгіме өрбіді. Білім берудегі даралау үдерісінде балалардың бастамасын дамыту, тәрбиеленушілердің өзіндік әркетін ұйымдастыру бойынша ұсыныстар айтылды.