Бүгінгі мақсат — әрбір оқушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау. Жаңа білім беру стандартына сәйкес, балалар білімді қай жерден іздеу керек екенін, сыни тұрғыдан ойлауға, ұжымда жұмыс істеуге үйретіледі. Ұстаздар өз кезегінде олардың оқу процесіне деген қызығушылығын арттыруға дағдыландырады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде адамдарды қалыптастыруға және кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдай жасау: жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдан бастап, елімізде ғылым мен білімді дамытып, білім кеңістігінің қалыптасуына айрықша көңіл бөлініп келеді. Мектеп- үйрететін орта, оның жүрегі –мұғалім. Баланың ойлау қабілетін дамытуға, байлығымызда, бақытымызда болған мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуге оқушыларды тәрбиелеу мұғалімнің басты борышы. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты-бәсекеге қабілетті маман дайындау. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылындағы ерекше тұс- оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Мұғалім сабақтарын түрлендіріп, өмірмен байланыстырып өтуінде пәндік білімінде ептілігінде және сауаттылығына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру негізінде жүзеге асады. Тек білім ғана бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыра алады. Дарынды ұстаз К. Д. Ушинский: «Қызығушылығын туғызбайтын оқу бірте — бірте оқушының білімге деген құмарлығын жояды, ал тек қызығушылыққа негізделген оқу оқушының еркін, күш — жігерін тәрбиелемесе мәнін жояды» деген екен. Сондықтанда мұғалім сапалы білім, салиқалы ой –өрісі кең тұлғаны қалыптастыруы үшін әрбір сабағын қазіргі заманғы білім берудің жаңа технологияларын қолдана отырып өту керек. Заман талабына сай әрбір ұстаз сабақтарында оқушылардың біліктілігін арттыру үшін оқытудың жаңа әдіс — тәсілдерін кеңінен пайдалану керек деп ойлаймын. Өз біліктілігін көтеру мақсатында әрбір мұғалім кәсіби шеберлігін шыңдап, білімін жетілдіріп отыруы керек. Сонда ғана өзін — өзі дамыта алатын, өзін — өзі жетілдіре алатын қоғамның белсенді, білімді жеке тұлғасын қалыптастыра алады. «Сабақ беру-үйреншікті жай шеберлік емес, ол –үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер»,- деп тәлімгер жазушы –ғалым Жүсіпбек Аймауытов айтқандай соңғы кездегі жаңа және отандастарымыздың төл технологияларын оқу процесінде жүйелі қолдануда, мұғалімнің белсенділігі, шығармашылық ізденісі, оны ұтымды пайдалануы оқу-тәрбие үрдісінде шешуші рөл атқарады.
ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Сондықтан да білім сапасын арттыру , оқушылардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми ізденіс қабілеттерін қалыптастыру –әрбір ұстаздың міндеті. Жас жеткіншектердің бойындағы ерекше қабілеттіліктерді, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар беру, оны сол бағытта жетелеу- ұстаз парызы.
Жаңа формация мұғалімі- рефлексияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық- әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құзыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани-адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдан бастап, елімізде ғылым мен білімді дамытып, білім кеңістігінің қалыптасуына айрықша көңіл бөлініп келеді. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты-бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп- үйрететін орта, оның жүрегі –мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылындағы ерекше тұс- оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау- әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі-педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды.
Француз қайраткері «Адамға оқып- үйрену, өмір сүру үшін қажет», -дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдарламаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру.
Ең бірінші мұғалімнің «өзіндік жаңалығы» болуы керек. Ғылым жаңалығын түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы өзгелердің тәжірибесін толық көшірмей, жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс-әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек.
Ең бастысы, ұстаз бүгінгі өмір ағымына ілесіп келеді. Қазіргі мұғалім жаңа білім беру парадигмасы негізінде инновациялық технологиялар мен интерактивті әдіс-тәсілдерді терең меңгеруге ұмтылуда. Осының барлығы да ұстаздың инемен құдық қазғандай оқумен, еңбекпен, ізденіспен қол жететін табысы. Қазір білім мазмұны санмен емес, сапамен өлшенетін кезең. Білімнің сапалы, тәрбиенің нәтижелілігі кәсіби деңгейдегі ұстазға байланысты. Сол себепті қазіргі уақытта білім жетілдіру саласына көп назар аударылуда. Мектептегі білім беру мазмұнын жаңартудағы мұғалімнің атқаратын маңызды рөлін ескере отырып, педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар атқарылды. Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары бойынша 33 (80%) мұғалім оқытылды. Кері байланыстар мұғалім мен оқушы арасында, оқушы мен оқушы арасында, мұғалім мен мұғалім арасында жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстар мектептегі оқыту мен оқу сапасын көтеріп, білім саласына көптеген өзгерістер әкелді.
Е.Смағұл