Домой Білім ТҮРКІСТАН: ІТ МЕКТЕПТЕРДІ ДАМЫТУ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛАДЫ

ТҮРКІСТАН: ІТ МЕКТЕПТЕРДІ ДАМЫТУ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛАДЫ

Бүгінде Түркістан өңірінде IT саласы аясында жұмыстар өз жалғасын тауып келеді. Жалпы IT саласы тікелей заман талабы саналады. Және бұл салаға сұраныс жоғары. Қазақстан да ақпараттық технология ағымынан қалыспай, технопарктер құру, мамандар даярлауға ерекше ден қойып жатыр. Ел президенті елімізде 100 мың IT-маман даярлау жөнінде арнайы тапсырмасы да бар. Жақында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі инновациялық экожүйе мен IT-саланы дамыту мәселелерін кеңінен талқылады. Елімізде соңғы бес жылдықта аталмыш сала мамандарына сұраныстың күрт өскені байқалады. Сауатты әрі мамандығын жіті білетіндерді іздеушілер көбейген.

Цифрландыру үрдісінің қарқынын ескеріп, Мемлекет басшысы да осыдан төрт жыл бұрын 2025 жылға дейін жоғары білікті 100 мың IT-маман дайындауды міндеттеген болатын. Осыған орай, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірқатар жобаларды қолға алды. Солардың ішінде өңірлерде мамандар даярлайтын IT-мектептердің ашылғанын айта кету керек. Мұндай IT-мектеп аймағымызда Торайғыров универ-ситеті базасында ашылды. Яғни, құзырлы министрлік, облыс әкімдігі және ERG энергетикалық корпорациясының қолдауымен жұмысын екі жылдан астам уақыт бұрын бастаған.

Мәселен, сайт әзірлеуді үйренгісі келген азаматқа түрлі мақсаттағы сайтты қалай жасау қажеттігін толық түсіндіріледі. Python-мен бағдарламалау курсында студенттер бағдарламалаудың негізін меңгереді. Blender бағдарламасында 3d модельдеу курсында үш өлшемді форматта модельдер жасаудың қыр-
сырын үйренеді. Сонымен қатар, Photoshop негіздері атты курста екі өлшемді кеңістікте графикамен жұмыс істеудің тәсілдері түсіндіріледі. Яғни, студент картиналар мен суреттерді редакциялауды меңгереді. Демек, бұл курсты толық өтіп, тереңінен түсінген түлек дизайнер болып жұмыс істеуге дайын дей беріңіз. SMM-маманы атануға келушілер де аз емес көрінеді. Олар медиакеңістікте контент құру, оны барынша кеңінен таратудың тетіктерін үйренеді.

Таяуда еліміздегі мектептерде кітапхана қорының толық циклдерін қамтамасыз ететін «Qazaq mura» жүйесі іске қосылған болатын. Бірегей жоба оқушылардың кітап оқу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Qazaq mura» әсіресе көркем әдебиет қоры аз аймақтардағы кітапханаларға үлкен сый болмақ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қа­зір еліміздегі мектеп кітап­ханаларында 130 миллионнан аса кітап бар. Бірақ ондағы көркем әдебиеттің үлесі мардымсыз. Шын мәнінде, кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады. Біз жас ұрпақтың кітапқа құштарлығын оятуымыз керек», деп «Балалар кітапханасы» жобасын жүзеге асыруды тапсырған. Платформа осы бас­таманың аясында Ұлттық кітап палатасымен интеграцияланып іске асып отыр. Ол ауқымды кітап қорына тегін әрі шектеусіз қол жеткізуге мүмкіндік беріп қана қоймай, барлық мектептен ақпарат жинап, нақты деректі де ұсынады.

Білім беру мен цифрлық инновацияларды дамытудағы жаңа қадам отандық бағдар­лама­шылардың арқасында жүзеге асып жатыр. Платформаны әзір­леушілер тобының жетекшісі Мұқатай Мәліктің айтуынша, цифрлық кітапхана жүйесін да­йындауға 3 жылдан аса уақыт жұмсалған.

– Кітапхана саласын цифр­ландыру қазіргі білім берудегі заманауи бағыт. Бүгінгі таңда елімізде кітапхана қоры туралы толық ақпарат жоқ. Сон­дық­тан еліміздегі мектеп кі­тап­­ханаларының жұмы­сын цифр­­­ландыру мен авто­мат­тан­дыруға байланыс­ты бірқатар іс-шараны іске асы­ру қолға алынды. Яғни кітап­ханашылар ғана емес, оқырмандар, баспалар және білім басқармасы мен министрлік өкілдері де жүйеге қосыла алады. Платформа кі­тап­хана ақпаратына негіз­делген құжат айналымы жұмысын оң­тайландырып, кі­тапхана қо­рын басқаруға мүм­кіндік бе­реді, – деді жоба авторы.

Жаңа жүйе кітапхана­шы­лардың жұмы­сын автоматтандырып қана қоймай, «Oqu» мобильдік қосымшасын ұсы­нады. Ол оқушы­ларға әлемдік классиканы түпнұсқада ғана емес, сонымен қатар қазақ ті­лінде де тегін оқуға мүмкіндік бе­реді. Аталған қосымшада әр оқушы кез келген кітапқа тапсырыс беріп, оның қорда бар-жоғын да тексере алады.

«Qazaq mura» цифрлық кі­тапханасы қа­лалар мен ауыл­дар­дағы кітапхана инфрақұ­рылымының жетілмеген мәсе­ле­лерін шешуге бағытталған. Нәти­жесінде, кітапхана қорының айналымындағы кітаптардың бар­лы­ғының электронды нұс­қасы қолжетімді болады. Бұл өскелең ұрпақты кітап оқуға ынталандырып, мәдени мұраның сақталуына да септігін тигізбек. Бүгінде бұл жүйеге Алма­тының бірқатар мектебі қосылып үлгер­ген. Цифрландыру жобасы енді еліміздің басқа да аймақтарын қам­тымақ.