1-қыркүйек – елімізде жаңа оқу жылының басталып, алғашқы қоңырау соғылатын «Білім күні». Жаз бойы демалып, күш-қуат, жақсы көңіл-күй жинаған ұстаздар қауымы мен оқушылар алтын ұя мектептерімен қауышып, қуанышты сәттерді бастан кешті. Барлық білім ордаларында жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты іс-шаралар болып өтті. Осындай «Сыңғырла, қоңырау!» атты салтанатты жиын Түркістан қаласындағы №15 Мағжан Жұмабаев атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясында да өткізіліп, сәнді киінген, гүл шоқтары келбетіне көрік берген шәкірттер мен ата-аналар, ұстаздар қауымы салтанатты сапқа тұрды. Білімге құштар барша қауым үшін маңызды мерейлі күнге Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Әбдісаттарұлы Тұрашбеков, Түркістан қалалық мәслихатының хатшысы Ғаппар Сәрсенбаев қатысып, игі тілектерін білдірді. Түлектер мен ұлағатты ұстаздарға инемен құдық қазғандай білім жолында сәттілік тіледі.
— Бүгінгі жарқын да қуанышты мереке «Білім күнімен» баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» — деп Абай атамыз айтқандай, ұстаздық ұлы ұғым. Сондай-ақ, Мағжан Жұмабаев атамыз да: «Алты алаштың басы қосылса, төрдегі орын – ұстаздыкі» — деп, сіздерге үлкен мәртебе берілген. Сіздерге деген құрметіміз шексіз. Ел ертеңі – жастарымызға саналы тәрбие, сапалы білім беру жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын! Жастарымыздың білімді ұрпақ болып тәрбиеленуіне тілектестігімді білдіремін, — деген жүрекжарды лебізін білдірді Нұрбол Әбдісаттарұлы.
«Бар кітапқа бас болған,
Әліппе — ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы» — демекші, терең білім тек ұстаздар біліктілігіне ғана емес, оқушылардың алдындағы оқулығының сапасына да байланысты.
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Әліппесінің» негізінде жасалған даналықтың данасы – «Әліппе» оқулығын мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков салтанатты түрде табыс ету рәсімін жасады.
Биылғы оқу жылында 76 мектептің 1-сыныбына 6 мың оқушы қабылданды.
Нұрбол Әбдісаттарұлы өз уақытын аямаған, өзгенің бақытын аялаған ұстаздар қауымына алғысын білдіре отырып, оқушылар мен ата-аналарға құттықтауын арнады.
— Адамның ғана емес, әлемнің дамуы — терең білімнен. Баланы жетектеп, оның зейінін ашып, үлкен өмірге дайындау — үлкен жауапкершілік пен үздіксіз ізденісті талап ететін еселі еңбек. Руханият төрі — Түркістан келешекте ғылым мен ілімнің ордасына айналады деп сенемін. Балаларымыз зерек, ақылды, зерделі болсын, — деді шаһар басшысы өз сөзінде.
Нұрбол Әбдісаттарұлы оқушыларға алғашқы оқулығы — әліппені табыстады. 1 қыркүйектегі көрсеткіш бойынша жаңа оқу жылын қала мектептері 52 668 оқушымен бастады.
Салтанатты жиынға Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, педагогика саласының ардагері Жарқынбек Құлбайымбетов, Түркістан қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы, ҚР Мәдениет қайраткері Ұлжан Мұстафаева, ата-аналар қатысып, адамзат баласының парасатты, білімді де білікті болып қалыптасуында үлкен орын алатын маңызды күнмен көпшілікті құттықтап, еңбектеріне табыс, білім жолындағы ізденістеріне жеміс тіледі. Жиынға Түркістан қаласының бас ұстазы, Түркістан қалалық білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы Қолдасова қатысып отырды. Жас бөбектер ән салып, би биледі. Әліппені алғаш қолына ұстаған балдырғандар қуанышына куә болған біз де шат-шадыман күйге бөлендік.
Әсіресе, киелі қаланың білім саласына зор еңбек сіңірген ұстаздардың ұстазы Жарқынбек Құлбайымбетовтың жастарға айтқан ұлағатты сөздері көз алдымыздағы бұрыннан да мақтаулы білім ордасының шоқтығын биіктете түсті.
— Бұл мектеп бұрын В.И.Ленин атындағы мектеп болған бір ғасырлық тарихы бар білім ордасы.1958-жылы мен осы мектепті бітірген түлекпін. Сондықтан да, бұл – менің ең жақсы көретін мектебім. Бұл мектепте Слепокурова Тамара Ивановна деген директор болған. Мен сол кісіге оқушы болып, кейіннен қанша жыл бірге жұмыс істеп, тәрбиесін алып, көп нәрсе үйрендім. Бұл мектепте қоғам және мемлекет қайраткерлері Сұлтанбек Қожанов, Саттар Ерубаев, академик Смет Кеңесбаев білім алған. Бұл білім ордасынан шыққан ғалымдар мен ғұламалар өте көп. Тек 1977-жылы В.И.Ленин мектебі өзгеріп, бірі М.Жұмабаев, екіншісі А.Байтұрсынов атындағы қазақ мектебі болып екіге бөлініп және Ленин мектебінің аты екі қазақ ғұламасының аттарына берілді. Айналайындар, сендер осындай ұлы мектептің оқушысысыңдар! Сондықтан да сендердің нашар оқуға ешқандай хақыларың жоқ. Биылғы жылы 26, былтыр 18 «Алтын белгі» алған екенсіңдер! Яғни, оқуда озат, үлгілі екенсіңдер! Осы қалыптан таймаңдар, балапандарым!
Жаңа Қазақстанды құратын жастардың осы мектептен көптеп шығатынына сенемін!»- деген лебізі барша жұртты марқайтты. Қазіргі таңда 3000- нан аса оқушы білім алып ,269 педагог еңбек ететін мектеп- гимназия директоры Божкенов Мереке Шерниязұлын орайы келген бір сәтте сөзге тарттық:
«—Биылғы 2024-2025 — оқу жылында алты қазақ тіліндегі, алты орыс тіліндегі сыныпқа екі жүз қырыққа жуық оқушы қабылданды. Биылғы он бірінші сынып екі жүзге жақын бітіруші түлегі бар жеті сыныпты құрайды.Өткен оқу жылын жақсы жетістіктермен қорытындыладық. Биыл да жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деп отырмыз. Түрлі бағытта жұмыс істеуге мүмкіндік беретін бағдарламалар мен жобаларға қатысу арқылы үнемі білімімізді жетілдіріп отырамыз.Мәселен, мектеп басшысы, бір орынбасар және бір жетекші мұғалім үшеуі бір мезгілде, бірге барып, педагогикалық шеберлік орталығында оқитын ерекше курстарға қатысып, бастауыштарда жаңаша әдіс- тәсіл арқылы білім сапасын көтеру жұмыстары, жоғары сыныптарда қазіргі заман технологияларын, lT технологияларын қолдану арқылы білім сапасын көтеретін жобалармен жұмыс жасаудамыз. Сондай- ақ, ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбиені дамыту бағдарламасын басты назарда ұсиап»- деп түйіндеді сөзін үнемі ізденіс үстінде жүретін, бұған дейін де дарынды балалар білім алатын мектептерде тәжірибесін шыңдаған Мереке Шерниязұлы.
«—Биылғы 2024-2025 — оқу жылында алты қазақ тіліндегі, алты орыс тіліндегі сыныпқа екі жүз қырыққа жуық оқушы қабылданды. Биылғы он бірінші сынып екі жүзге жақын бітіруші түлегі бар жеті сыныпты құрайды.Өткен оқу жылын жақсы жетістіктермен қорытындыладық. Биыл да жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деп отырмыз. Түрлі бағытта жұмыс істеуге мүмкіндік беретін бағдарламалар мен жобаларға қатысу арқылы үнемі білімімізді жетілдіріп отырамыз.Мәселен, мектеп басшысы, бір орынбасар және бір жетекші мұғалім үшеуі бір мезгілде, бірге барып, педагогикалық шеберлік орталығында оқитын ерекше курстарға қатысып, бастауыштарда жаңаша әдіс- тәсіл арқылы білім сапасын көтеру жұмыстары, жоғары сыныптарда қазіргі заман технологияларын, lT технологияларын қолдану арқылы білім сапасын көтеретін жобалармен жұмыс жасаудамыз. Сондай- ақ, ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбиені дамыту бағдарламасын басты назарда ұстаймыз,»- деп түйіндеді сөзін үнемі ізденіс үстінде жүретін, бұған дейін де талай өңірдің дарынды балаларға арналған таңдаулы білім ордаларында тәжірибесін шыңдаған Мереке Шерниязұлы.
Сол күні мектептің төріне» Мектеп- кеме», » Білім- теңіз», «Күш- білімде», » Білім- қымбат», «Білу- қиын» деген мағыналы тіркестер ұран етіп ілініпті. Білім айдынына бет алған балаларға ой салатын сөздер!
Роза Нарымбетова.