Домой Әлеумет ЖАСТАРЫ БЕЛСЕНДІ ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ ЖАРҚЫН

ЖАСТАРЫ БЕЛСЕНДІ ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ ЖАРҚЫН

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2020 жылдың «Еріктілер жы­лы» болатынын мәлімдеген еді. Осыған орай аудандық орталық кітапханада «Жастары белсенді елдің ертеңі жарқын» атты мазмұнды іс-шара өтті. Жиынды аудан­­дық орталық кітапхананың директоры Айна Рыскелді ашып, жүргізіп отырды.
Шара барысында аудандық ардагерлер кеңесінің хатшысы Сатыбалды Жаңабай, «Отырар алқабы» газетінің бас ре­дакторы Алмас Ақылбек, «Евгеника» қоғамдық ұйымының төрайымы Жәния Әлшериева мен «Шуақты аналар» бір­лестігінің төрайымы Қал­дан Байжұмановалар еліміздің ерікті жас­тары өзім­шілдік­тен ары­лып, мемлекетіміздің гүлденуі үшін бір­лікке, еңбекқорлыққа, имандылыққа бет бұру қажет екендігін тілге тиек етіп, баршаны ұйымшылдыққа шақырды.
Тәрбиелік мәні зор жиында оқушылар өз ойлары­мен бө­лісіп, сұрақтарына тұщымды жауап алса, әнші Ұлжалғас Әбілдахан халық әні «Беу-айдайды» шебер орындап, кө­рермендер­дің қошеметіне бөленді.
Жиын соңында кітапхана директоры Айна Рыскелді жи­ынға қатысушыларға алғыс сезімін білдіріп, кітапхана ұжымының елдің мүддесі үшін әрқашан бірлесе жұмыс жасауға дайын екендігін біл­­дірді.
Еске сала кететін жайт, 2019 жастар жылының қо­рытынды жиынында аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов еріктілер жылында ерікті топ құрып, үздік нәтиже көрсеткен топтарға жалпы құ­ны 1 миллион теңге кө­лемінде қаржылай сыйлық және бұқара­лық ақпарат құралдарына белсенді жариялаушыларға 300 мың теңге көлемінде қаржылай марапат болатынын жеткізген еді.
Азат Әмірбек.