Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА АУДАН ҚҰРЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА АУДАН ҚҰРЫЛДЫ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА АУДАН ҚҰРУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Түркістан облысының құрамында әкімшілік орталығы Шорнақ ауылында орналасатын Сауран ауданы әкімшілік-аумақтық бірлігі Кентау қаласының құрамынан Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерін бөлу жолымен құрылсын.2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.Қазақстан Республикасының Президенті Қ.ТоқаевНұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 12 наурыз № 534Akorda.kz