Домой Әлеумет СПОРТ-ДОСТЫҚ МЕКЕНІ

СПОРТ-ДОСТЫҚ МЕКЕНІ

Сарығаш ауданында орналасқан жалпы білім беру мекемелерінің жас мұғалімдері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану және достық қарым қатынасты нығайту мақсатында «СПОРТ-ДОСТЫҚ МЕКЕНІ» тақырыбында спорттың кіші футбол түрінен жарыс өтті. Аталмыш жарыстың ашылуында сөз алған Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Н.Отаров жарысқа қатысушы жас мұғалімдерге сәттілік тілеп, жастарды спортпен ұдайы айналысуға шақырды. Жарысқа жалпы мектептерден құралған 8 команда қатысып, өзара сынға түсті. Жарыс қортындысы бойынша: І-орынды-№60 ж.о.м;ІІ-орынды-Қ.Сатбаев;ІІІ-орынды-М.Әуезов командалары иеленді. Жеңімпаз командалар мен үздік ойыншылар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.