Домой Басты жаңалықтар ӘРБІР ТҰРҒЫННЫҢ ӨТІНІШІ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

ӘРБІР ТҰРҒЫННЫҢ ӨТІНІШІ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

Әрбір тұрғынның өтініші назардан тыс қалмайды. Бүгін қала әкімі М.Қадырбек «Нұр-Сұлтан» қаласы құрылысын қалпына келтіруге бөлінген №9 секторда болып, елордадан құрылыс компанияларын бастап келген өкілдерге құрылысты қарқындату туралы тапсырмалар беріп, К.Жұмжаев, А.Борықбаев көшелерінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында Арыс қаласының әкімі Қадырбек Мұрат Болатұлы №9 секторда атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарының барысы мен атқарылатын жұмыстар туралы баяндап, тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға нақты жауаптар берілді. Аталған аумақта жалпы 659 тұрғын үйлер бар,бүгінгі таңда барлығына да ақау актісі жасалынды. Оның 600 жеке үй болса, 59 көпқабатты тұрғын үй. Зерделеу нәтижесінде 83 үй жарамсыз, 572 үй зақымдалғандығы анықталып отыр, 462 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 6 үйдің жаңадан құрылыс жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары аяқталған үйлер саны 105. Нұр-Сұлтан қаласы жүргізіп жатқан ауқымды құрылыс жұмыстарына 750 адам тартылған.