Домой Әлеумет ОРДАБАСЫДА КӘСІПКЕРЛІК ДАМЫП КЕЛЕДІ

ОРДАБАСЫДА КӘСІПКЕРЛІК ДАМЫП КЕЛЕДІ

Түркістан облысы Ордабасы ауданында кәсіпкерлік дамып келеді. Мұнда еңбекпен бақыттың басын иген жандар жетерлік. Соның бірі аталмыш ауданның тұрғыны «Өнеге» Шаруа Қожалығының иесі Рахматулла Құлтас. Ол нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында микроқаржы ұйымдары мен кредиттік серіктестіктерге берілетін кредиттер мен микрокредиттер бойынша «Төрткөл Несие» серіктестігі арқылы несие рәсімдеген болатын.

Алайда, кәсіпкер кепілдікке койылған жеке мүлігінің құны жеткіліксіз болу себебінен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Түркістан филиалы ұсынатын кепілдендіру қызметін пайдалануға шешім қабылдаған еді. Нәтижесінде несиені оңай рәсімдеп он бес ірі қара мал басын көбейтуге, он бес басын бордақылауға алды. Қазіргі таңда жұмысы алға қарай қарыштап, шаруашылығын кеңейтуде.

Мемлекеттік қолдау кәсібін дөңгелетемін деушілерге демеу болса, кепілдеме алып несие рәсімдеу кәсіпкерлерге бизнес идеясын іске асыруға мол мүмкіндік беріп отыр.