Бүгін Түркістан қаласының әкімі Р.Аюповтың бастамасымен әкімдік қазметкерлері тест тапсырды. Тест 3 бөлімнен тұрады: сандық, ауызша және тұлғалық. Сондай-ақ, бағалау қызықты ойын элементтері түрінде өткізіледі. Мақсаты — әкімдік қызметкерлерін дамыту үшін олардың ерекше қырлары мен қызметке бейімділігін анықтау.
Тест аяқталғаннан кейін әрбір қызметкер «hr» саласындағы мамандардан тиісті ұсынымдар алатынын айта кеткен жөн.
Сынақ барысымен танысқан қала әкімі өз сөзінде «Елбасы Жолдауында атап өткендей, адами ресурстарды дамыту қажет. Әрбір адам өмір бойы дамуы керек, әсіресе, қала әкімдігінің қызметкері секілді маңызды лауазымда жұмыс істейтін адам. Мен біздің қызметкерлеріміздің ынталы және креативті болуын және олардың жұмыстарының нәтижелі болуын қалаймын», — деді Р. Аюпов.