Домой Әлеумет ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен Кентау қаласына қарасты Шорнақ ауылдық округінде «Халық заңгері» акциясы өтті. Акцияда білікті мамандар білім, денсаулық, еңбек, әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығы мен жер салалары бойынша ашық түрде кеңестерін беріп, ауыл тұрғындарымен күрмеуі қиын сауалдарды бірлесе шешу жолдарын талқылады. Сондай-ақ игі бастаманы Шорнақ ауылдық округінің әкімі О.Ермаханов қолдап, ауыл тұрғындарын қалаға сабылмай-ақ өзінің күрмеленген мәселелеріне сәйкесінше жауап алуға болатындығын жеткізді. Шараның мақсаты білікті мамандар аудан-қалалардан қашық орналасқан елді-мекендердің тұрғындарына құқық тұрғысынан қажетті ақпараттармен ой бөлісу, әрі оларды алаңдатқан заң саласындағы мәселелер бойынша нақты кеңес беру болып табылады.
Азаматтарға тегін құқықтық қолдау танытқан тәжірибелі мамандардың кеңесіне халықтың басым көпшілігі атаулы әлеуметтік көмекті алу, жер телімдеріне қажетті құжаттарды рәсімдеу, денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын-үй мәселелері бойынша жүгінді