Домой Әлеумет БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУ — БАСТЫ МІНДЕТ

БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУ — БАСТЫ МІНДЕТ

«Тәні саудың — жаны сау». Осы қағиданы берік ұстанған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қазақстандықтарды салауатты өмір салтын ұстануға үнемі шақырып келеді. Осы орайда Тәуелсіздіктің тұғырландыру жолында аянай еңбек еткен ақжаулықты әжелер бұқаралық спортты дамытуда да жастарға үлгі көрсетіп келеді. Осыған орай, қала әкімі М.Қадырбектің бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес, бүгін 22-наурыз «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мейрамына орай, қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында әжелер арасында «Ұлыстың Ұлы күні әз Наурыз» атты спорттық іс-шара өтті.Шараға қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы А.Кенжебеков, қалалық ардагерлер ұйымын мен үкіметтік емес ұйым өкілдері, БАҚ өкілдері қатысты.Мерекелік шара барысында қаламыздың және қаламызға қарасты ауылдық округтерден келген әжелер арасында волейбол, арқан тарту, қол күресі, дойбы, шекем тас ойындары бойынша сайыстар ұйымдастырылып, нәтижесі бойынша медальдар мен кубок, және арнайы алғыс хаттар табысталды.Атап айтқанда, волейболдан Арыс қаласының «Ақ әжелер» командасы ешкімге дес бермей, 1-орынды алса, 2-орын Ақдала ауылдық округінің «Айпара Ана» командасына, 3-орын Монтайтастық «Үкілім-ай» әжелер командасына бұйырды.Арқан тарту сайысынан Монтайтастан келген әжелерге ешкім тең келген жоқ. Аталған сайыста Арыс қаласының әжелері 2-орынды, Ақдала әжелері 3-орынды иемденді. Ал ұлттық ойын, шекем тас ойыннан сайысқа түскендерден 1-орынды Арыс қаласының тұрғыны Шахапова Мадина, 2-орынды Ақдала ауылдық оркугінен келген Әтишова Ажар, 3-орынды Байырқұм ауылынан Мәуленова Ұлтуар иемденді. Сонымен қатар, қол күресі байқауынан 1-орын Қарабасова Айымкөзге (Арыс қаласы) бұйырса, 2-орын Таласова Бибайшаға (Жиделі) табысталды. 3-орын Қарынбаева Күлашқа (Ақдала) берілді.Ал дойбы ойыннан Арыс қаласынан Мұсалиева Арафа апаның мерейі үстем болса, ақдалалық Киізбаева Индира апа жүлделі екінші орынды қанжығасына байлады. Үшінші орын Монтайтас ауылының намысын қорғаған Рыскүл Аманбекова апаға бұйырды.Салтанатты жиынға қатысқан ақсақалдар мен әжелер іс-шараны жоғары деңгейде өткізген ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.Салауатты өмір салтын насихаттап, өскелең ұрпаққа үлгі бола білген ақ жаулықты апаларымызға алғысымызды білдіреміз.