Домой Әлеумет АРМАНДАҒАН КӘСІБІН АШҚАН МАРЖАН

АРМАНДАҒАН КӘСІБІН АШҚАН МАРЖАН

Бүгінгі Ералиева Маржан есімді кейіпкеріміз 2018 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының» бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуды оқып, 3 млн. теңге мемлекеттік грантқа ие болған.


Түлкібас ауданына қарасты Шақпақ баба ауылының тұрғыны Ералиева Маржан бүгінгі таңда мемлекеттік бағдарлама арқылы алған грант қаржысына қоспасыз табиғи «Ірімшік өнімдерін» шығару цехіне қажетті барлық құрал жабдықтарын алып, әртүрлі пішіндегі ірімшік өнімдерін шығаруда.
Маржан көп жылдан бері кондитерлік цехті ашуды армандағанын айтып, бүгінгі таңда сол арманы мемлекеттің қолдауының арқасында жүзеге асқаның тілге тиек етті.
Қазіргі кезде өз өнімін ауданымыздың сауда орталықтары және Шымкент, Тараз қалаларына өткізіп отырған іскер ана, алдағы уақытта үлкен цех соғып, кәсібін ұлғайтуды жоспарлап отырғанын жеткізді.