Білім беретін мамандарды мұғалім деген атайтынымыз анық. Алайда мұғалімнің міндеті тек ол емес. Бойға даналық нәрін, бақыт шуағын себетін ұстаздар әр күлді ыждағаттылықпен, махаббатпен баптайтын бағбан ба дерсің? Көңіл көкжиегіңді кеңітіп, ақыл өрісіңнің аясын молайтатын осынау аяулы жандарға мына өмірдегі әрбір адам қарыздар боп өтетіні анық. Себебі олардың өз өмірін жас бүлдіршіндерге арнайтын қайсар да қаһарман қасиетін өзге адамдардан табу мүмкін емес десек те артық етпес.
Ең алғаш мектеп табалдырығын ұстаз болып аттаған кезімде, бар білгенін үйретіп, ақыл-кеңесін айтып, әдіс-тәсілдерімен бөлісіп отыратын аға ұстаз әріптесім – Рая Жұмаханқызы Пірімбетова болатын. Жарасымды әзіл-қалжыңымен, айналасын дәмді әңгімесімен үйіріп әкететін Рая апай, сабақ барысында оқушылары ұйып тыңдайтын. Балаларға қызықты, көңілді, жеңіл әдістерімен жаңа сабақты оңай түсіндіре білетін.
Оқушылардың көріп қабылдайтын қасиеттерін басты назарда ұстап, үнемі көрнекіліктер мен ереже жазылған плакаттарын көтеріп жүретін. Бізден де соны қатаң талап етіп, қай тақырыпты өтсек, сол тақырыпқа қатысты сұрақтар мен мысалдарды тым болмаса тақтаға жазып қоюды өтінетін. Еңбек жолын 1978 жылы өзі бітірген №386 мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып бастап, ҚКК-де (қалалық Комсомол Комитетінде 1982-84 ж) жалғастырады. 1985-87 жылдары сол мектепте бастауыш сынып меңгерушісі болып тағайындалады. 1987 жылы отбасы жағдайымен Қызылқұм ауданы, Темір кеңшарында, Абай атындагы мектепте 8 жыл бастауыш мұғалімі болып кызмет атқарады. 1995 жылдан 2015 жылға дейін, зейнеткерлікке шыққанша Түркістан қаласы, №11-ші орта мектепте сабақ берді.
Үнемі ізденісте жүретін Рая апайдың саясатқа да, түрлі ғылыми жаңалықтарға да құлағы түрік, көзі қарақты еді. Жаңа шыққан инновациялық жаңалықтарды қалт жібермей, алғашқылардың бірі болып интерактивті тақтаны қолданғаны да әлі есімде. Қазақтың ауыз әдебиеті, шешендік өнер, салт-дәстүр, тың әдіс-тәсілдер мен түрлі ойындарды оқып-біліп, сабақ барысында бастауыш сынып баласына лайықтап ұсынып отыратын. Сыныбын шашау шығармай қатал, талап қоя отырып оқытып, кіл үздіктерді орта буынға аттандырып жататын.Қазіргі оқушыларға сәл қаталдық пен талапшылдық жетіспейтіні, кез-келген ата-ана баласына шектен тыс өбектеп, қатал мұғалімдерді жау көретіні жасырын емес. Өкінішке орай осындай әлдилеудің соңы, мүлдем сабақ оқымайтын ұрпақты дайындауда. Сол кездегі ата-аналар мұғалімдерді қолдап, үйден де, мектептен де талап етудің арқасында, апайдың көптеген оқушылары алтын белгіге бітіріп, еліміздің әр өңірлерінде лауазымды қызметтер атқарып жүр. Менің екінші қызым Бисейітова Гүлбану 2000 жылы Рая Жұмаханқызының бастауыш сыныбына барды. Сол жылдары мектебіміз «Атамұра» баспасының күрделілеу кітаптарымен оқытса да, апай сабақтарын барынша жеңіл, бала санасына ұғынықты етіп түсіндіретін. Ашық сабақтары мен тренингтеріне қатысып, тың әдіс-тәсілдер мен жаңашыл көзқарастарын үйреніп, жанымыз жадырап шығатын. Оқушыларды білім берумен қатар тазалыққа, ұқыптылық пен жинақылыққа үйрететін талапшыл ұстаз, жоғары сыныпқа кеткен шәкірттерінің олпы-солпы, ретсіз жүргенін көрсе, қатты ренжитін. Дереу жас мамандарға ескерту жасап, шұғыл шара қолданып жататын.
Өзге жұрттың баласын оқытып қана қоймай, өз ұрпағына да жан-жақты тәлім-тәрбие берген Рая Жұмаханқызын, әріптестері «Алтын құрсақты ана» деп атайды. Қызғалдақтай құлпырған Әйгерім, Құралай, Майра есімді 3 қызы да, алтын асықтай ұлы Мұхаммед те оқу орындарын үздік бітіріп, бүгінде түрлі ғылым салаларында докторлық қорғап, шетелдерде ғылыммен шұғылданып, дәріс оқып жүргені сөзімізді дәлелдей түседі. Балаларының осындай дәрежеге жетуіне жолдасы Балғабайдың да қосқан үлесі зор. «Дарын» мектебінде математика пәнінен сабақ берген Балғабай Алмаханұлының шәкірттері облыстық, кейде республикалық олимпиадалардан орын алып, мектебінің абыройын асқақтатып жататын. Өкінішке орай ағай өмірден ерте кетіп, студент балаларын жеткізу, келін алып, қыз ұзату Рая апайымыздың жалғыз өзіне жүктелген ата-аналық борыш болды.
Қорыта келе айтарым, зейнетке кеткеніне 7 жыл өтсе де, әлі күнге Рая апайымызды ұстаздардың чатына қосып, ақыл-кеңесін тыңдаудан жалықпаймыз. Бұл күндері Астана қаласында бала-шағасының қасында әже болып отырған қадірлі әріптесіміз Рая Пірімбетоваға деген ыстық ықыласымызды төл мерекесі қарсаңында білдіргіміз келеді. Ол кісіден алған тәлім-тәрбиемізді дамытып, ұстаздық қабілетімізді шыңдап, біз де үлкендер салған ұлағатты жолмен жүріп келеміз.
ТҮРКІСТАН: ҒҰМЫРЫ ҒИБРАТТЫ ҰСТАЗ