Домой Білім ТҮРКІСТАН: ТАРИХЫ ТҮРКІСТАНМЕН ТАМЫРЛАС БІЛІМ ОРДАСЫ

ТҮРКІСТАН: ТАРИХЫ ТҮРКІСТАНМЕН ТАМЫРЛАС БІЛІМ ОРДАСЫ

Түркістан қаласында №1 А.Байтұрсынов атындағы мектеп-лицейі шаһардағы білім ордаларының тарихында көш бастайтын құтты ұя. Талай бүлдіршіннің көкірек көзін ашып, білім нәрімен сусындатқан бұл мектептің әрбір түркістандық үшін орны ерекше. Бір кездері Ленин атымен аталған білім мекемесі Түркістан облысы құрылғаннан кейін жаңа қала аумағында салынған жаңа ғимаратқа көшті. Қазір Түркістан қаласындағы «Отырар» Ықшам ауданындағы екі мектеп болса соның бірі осы А.Байтұрсынов атындағы мектеп-лицейі.

Өткен апта білім ұяларының жағдайына талдау жасап көрмек мақсатта сауалнама жүргізу үшін арнайы сұрақтар әзірлеп, қаламыздағы білім бөліміне қарасты жалпы орта мектеп басшыларына хат жолдадық. Сонан соң мектеп тынысын көзбен көріп, танысу үшін өзіміз арнайы бірқатар білім ұяларына бардық. Хатымызға әр мектеп өз деңгейіне қарай жауап беріп жатыр. Аралау барысымызда тақырыбымызға арқау болып отырған ұжымның басшысы хатымыздан хабардар екенін айтып, сұхбат құруға дайын екенін жеткізді. Тоқтаусыз бір жарым сағат әңгімелесіппіз. Соның ішінде біраз жайға қанық болдық. Дәуленбай Сазанбекұлын Түркістан қалалық білім бөлімінде қызмет етіп жүрген кезінен білеміз. Өз ісіне берік, талапшыл басшы. Айтпағым бұл кісінің қызмет атқарған орындарында ынтымақ, бірлік, табыс секілді мектептің тасы өрге домалаған жағымды жаңалықтар есіп тұратын. Сұхбат барысында тәжірибелі маманнан осы жетістіктерінің сырын сұрадық және сауалнама бойынша сұрақтарымызға жауап алдық.

Айтпақшы осыдан екі жыл бұрын Түркістан қаласындағы бірқатар мектептер сенімгерлік басқаруға берілетін болып, оның тізімі жарияланған еді. Сол жеке қолға ұсынылған білім ұяларының арасында дәл осы А.Байтұрсынова мектеп-лицейі де болатын. Сонда «Түркістан» газеті мектеп жекеге берілмесін деген ұстаздардың жанайқайын тиісті орындарға жеткізіп, араша түскен еді. Нәтижесін оқырман жақсы біледі.  

Мұғалім – мектептің жүрегі. Ұзтаздарымыздың шынайы қызметі осында тәлім алған балалардан көрінеді. Ұлт ұстазы А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназиясының бүгінгі тынысы қалай?

Мектептің жақсы болуы мұғалімдердің сапасына одан кейін басшылықтың талабына байланысты. Қазір білімді, тәжірибесі бар жас педагогтер мектепке келіп жатыр. Бұған дейін жоғары оқу орындарында қызмет еткен азаматтар бар арамызда. Соңғы екі жылда 20-дан астам көзінде оты бар жас мамандарды осында тарттым. Қазір өте жақсы жұмыс жүріп жатыр. Бұрынғы ұстаздарымыздың да сапасы жаман емес. Олардың біразы зейнетке шықты. Қалғандары бүгінгі жас мамандарға бағдаршы десем болады.

Біз мектепте мынадай тәжірибені қолға алдық. Бір оқу жылының көлемінде әр пәнге арналған он күндік белгіледік. Оның ішінде еңбекке баулу пәні де бар. Сөйтіп осы онкүндік ішінде пән мұғалімдері өздерінің еңбектерін көрсетеді. Өзімнен бастап басшылық құрам сабақтарға қатысамыз. Осылайша аталған күн ішінде жан-жақты бақылау жүргізіліп, талдау жасалады. Қай жерде кемшілік бар немесе озық үлгілер көрсетілуі мүмкін. Осының барлығын сараптай келе пән мұғалімдеріне баға беріледі және соған қарай арнайы марапаттарға ие болады. Сонымен бірге, мектептің кіреберісіне арнайы манитор орнаттық. Мұнда өзіміздің озат мұғалімдер, үздік оқушылар туралы бейнероликтер көрсетіліп тұрады. Педагогтер арасында біреуі өте жақсы жұмыс жасайды, арасында тәжірибесінің аздығынан ісі ақсап тұрған мұғалімдер де болады. Осы онкүндік аталған мәселелердің бетін ашуға мол мүмкіндік беріп келеді бізге.

Ұжымның ынтымағына байланысты біраз мәселе көтерілгенінен хабарымыз бар. Оны ретке келтіруді басшылық сізге тапсырды. Нәтижесімен бөліссеңіз?

Педагог мәртебесі қашан да биік болуы керек. Оның бірден бір негізі — ынтымақты білім ұжымдары яғни, мектеп. Сондықтан бұл мәселеге әрбір ұстаз ұқыптылықпен қарау керек екенін ескертіп отырамын. Көңілге кір жұқтырмау керек және оған себепкер болмауға тырысуымыз қажет. Бала тәрбиесі өзінің отбасындағы күнделікті қарым-қатынас арқылы қалыптасатыны сияқты, мектепте де ұстаздардың жүріс-тұрысы мен ынтымақ бірлігіне тікелей байланысты. Оны біздің қызметкерлер жақсы түсінеді. 

Ұжымның ынтымақ-бірлігін қалыпқа келтіру барысында осында тәжірибелі ұстаздардан әдеп кеңесін құрып ішкі мәселелерімізді сол кеңесте талқылап, өзімізді өзіміз жөнге салатын алқаның шешіміне жүгінетін болдық. Мен өз тәжірибемде ұстаздарға ұрысып, оны кемсітіп жетістікке жетпейтінімізді түсінемін. Бізге ешкім сырттан келіп кемшілігімізді түзеп бермейді. Сондықтан не мәселе болса да өз арамызда талқылап, дұрыс шешім қабылдауға дағдылануымыз керек.

Еңбек жолыңызда шешімін күткен мәселелері көп тіпті ұжымында даулы жағдайлар қалыптасқан мектептерге басшы болып барасыз. Сонымен қанша білім ұясында қызмет еттіңіз?   

Қызмет етіп келе жатқаныма қырық жылдан асты. Алғашқы еңбек жолымды Отырар ауданында орта мектепте мұғалім болып бастадым. Арада үш жыл өткенде аудандық оқу бөліміне шақырту алдым. Сөйтіп бес жыл методист, бес жыл бас маман болдым. Одан кейін Түркістан қаласына қоныс аударып, мұнда да білім бөліміне қызметке орналастым. Мұнда тоғыз жыл қызмет еттім. Аудан мейлі қала болсын оның ажарын ашатын білім саласы емес пе? Осы аралықта үлкен тәжірибе мектебінен өттім десем болады. 2009 жылы басшылық мені қазіргі Сауран ауданындағы Шорнақ мектебіне директорлық қызметке жіберді (Ол кезде осындағы 12 ауылдық округ Түркістан қаласына қараушы еді). Барған күннен бастап білекті түріп, еңбек етуге тура келді. Мектептің ғимараты, оның материалдық базасы және білім сапасын арттыру бағыттарында уақытпен санаспай жұмыс істедім. Ертеректе салынған мектептің іргетасына су жібермес үшін цементтен құйылатын бөлігінен (отмостка) бастап, есік терезесіне дейін қайта жаңғырттық. Екі-үш алтын белгі иелері шықты сол кезде. Бұдан кейін Түркістан қаласында Ататүрік атындағы мектебіне жіберді. 2000 оқушысы бар, қаланың халқы тығыз орналасқан мектепке баруға алғашында жүрексіндім. Дегенмен басшылық талап еткен соң орындауға тиіспіз. Сөйтіп, ол мектептің жағдайын қалпына келтіруге кірісіп кеттім. Ауысып барған жылы күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінді. Одан бөлек мектепте арыз-шағым көбейген. Ұжымның да ынтымағына сызат түскен десем болады. Білім деңгейі жағынан соңғы алты жылда үздік оқушылар шықпаған. Мектептің негізгі көрсеткіші озат оқушылармен өлшенбей ме? Сонымен осындай мәселелердің ортасына сүңгіп, нәтижелі қызмет етуге бел байладық. Ауысып барған жылы бір түлегіміз алтын белгі алды. Ұжымның қуанышында шек жоқ. Келесі оқу жылында жеті алтын белгі мен екі үздік аттестат иелері шықты мектебімізден. Түркістан қаласындағы 70-тен астам мектеп ішінде «Дарын» арнайы мектеп-интернаты үздік мектептердің көшін бастайтын еді. Содан кейінгі орынға біз жайғастық. Арыз-шағым да тоқтады. Сол кезде қала әкімі арнайы телефон шалып, алғысын білдірген болатын. Осы жетістігіміз араға жыл салып, үш алтын белгіге ұласты. Сөйтіп жүріп №18 Ж.Еділбаев атындағы мектепке қызмет ауыстырдым. Бұл жерде де атап өткеніміздей мәселе шашетектен. Мойныма жауапкершілік жүгі артылған соң үдеден шығуға тиіспін. Мектеп салынғалы бері оқушылар осы ғимараттың ішіндегі асханаға қысы-жазы сырттан айналып барады екен. Қоңырау соғылғанда даладағы батпақтың барлығы балалардың аяғына жабысып, сыныпқа кіреді. Содан барып, шаң тозаң көтеріледі. Зерттеп қарасам ғимараттың құрылыс жобасы бойынша асханаға бару үшін сыртқа шықпай-ақ, арнайы өтетін жол бар екен. Бірақ ол осындағы қалдық заттар мен толтырылып, 1993 жылы пайдалануға берілген мектепте ашылмаған ғой әлгі жол. Міне, осы өткелді ашудан бастап бұл білім ұясының да бағын ашуға күш салдық. Ашылған күннен бастап жөндеу көрмеген мектептің сарқынды су жүйесінен бастап, ауласына асфальт төсеп, ғимараттың ішкі-сыртқы келбетін қайта жаңғырттық. Осында бес жыл қызмет еттім. Осы аралықта мектептен жыл сайын алтын белгі мен үздіктеріміз шығып жатты.

Сөйтіп жүріп А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназиясына да келіп қалдыңыз?

Иә, еңбек жолым өздеріңіз көріп отырғандай ұлт ұстазы А.Байтұрсынов атындағы мектеп-лицейінде жалғасын тауып жатыр. Бұл жердегі қызметімнің де ерекше тарихы бар. Ауысып келгенімде мектепте жарық, ауыз су жоқ. Жаңадан салынған ғимараттың мұншалықты қалге түсуі жанға батты. Мұндағы оқушыларымызда қаланың әр түкпірінен келіп жаңа қоныстанып жатқан отбасылардың балалары. Жұмысты жарық жағудан бастадым. Ұжымдағылар «Қаланың инфрақұрылым және коммуникациялар бөліміне хат жазып қойғанбыз. Құрылыс салып жатқан техникалар жерді қазып жатып, тоқты үзіп жіберіпті. Соны жалғайтын мамандар әлі келген жоқ»,-деп тоқ беретін мотор қосып отыр. Хаттың жауабын күтіп отырғаннан уақыт жоғалтатынымызды байқадым да мамандармен бірге өзім жүріп ақауды таптық. Сол күні кабель алып, мектепке жарықты қостық. Алғашқы жұмыс күндерім осылай басталды мұнда. Үшінші қабатқа көтерілмейтін ауыз суды да мамандарға айтып жүріп, кінаратты анықтап, қалпына келтірдік. Айта кетерлігі, жаңа үлгідегі 900 балаға арналған мектепте мәжіліс залы, педагогтер бөлмесі қарастырылмайды екен. Оның да ретін тауып, киім ілуге арналған бөлмені мәжіліс залы, демалыс фаесін мұғалімдер бөлмесі етіп жасақтадық.

Оқу жылы соңына таяды. Алдағы күндері оқушылардың жетістіктері туралы жақсы жаңалық еститін шығармыз?

Биылғы оқу жылында мектебімізді 64 оқушы бітіргелі тұр. Соның 45-і ұлттық бірыңғай теске қатысады. Оның ішінде 4 алтын белгі және 1 үздік аттестатқа үміткер оқушымыз бар. Жасыратыны жоқ негізі талантты балаларымыздың саны бұдан да көп еді. Бірқатары жекеменшік мектептерге ауысып кетті. Осы күнге дейін сол балаларды біз оқытып, тәрбиелеп келдік қой. Өкініштісі соңғы жылдары бітіруші түлектеріміздің ішінде талабы зор балаларымыз жеке мектептерге ауысып кететін жағдайлар пайда бола бастады. ҰБТ-ға дайындау барысын біз де жүргізе аламыз. Оған мектебіміздің әлеуеті жетеді. Кей оқушыларымыз дайындығын пысықтау үшін сабақтан сұранып, арнайы курстарға қатысқысы келеді. Мен оған жібермеймін. Неге десеңіз, біз өзіміз білім беріп, тәрбиелеп отырған соң сол оқушылардың жоғары жетістікке жетуіне тікелей мүдделіміз. Нақты айтқанда мектебіміздегі педагог мамандардың тәжірибесі, білім сапасы осы арқылы анықталады. Сонда ғана біздің еңбегіміз, ол үшін алып отырған айлық-жалақымыз және ұстаз ретінде ел болашағының жарқын болуына қосқан үлесіміз адал болады деп есептеймін.

Мектептің ауласына кіреберісте ескерткішке арналған тұғыр жасалыпты. Ол жерде бұрын не болып еді?

Онда А.Байтұрсыновтың мүсіні болатын. Қазіргі таңда мектеп бітірген түлектердің даталы жылдарында өздерінің білім алған мектептеріне демеушілік жасайтын болды ғой. Соны пайдаланып біз де ұлт ұстазы А.Байтұрсыновтың мүсіні неге тұрмасқа деген ниетпен түлектерге ұсыныс айтып едік. Олар келісім беріп, мүсінді жасатуды өзімізге тапсырды. Сөйтіп іргеміздегі Оранғай ауылында ——— деген азаматқа мүсінді жасаттық. Өздеріңіз көрген орынға орнатып, түлектеріміздің қатысуымен ашылу салтанатын өткіздік. Бірақ, қуанышымыз көпке созылмады. Құзырлы органдардан ескерткіштің лицензиясы жоқ, авторы көрсетілмеген деген секілді талаптардың орындалмағандығынан алып тастау жөнінде нұсқаулық келді. Заң баршамызға ортақ. Сонымен тас мүсінді қайта алуымызға тура келді.

Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан М.ДӘУЛЕТОВ.