Ағымдағы жылдың шілде айының соңғы күні, сәрсенбінің сәтінде Түркістан қаласының төріндегі «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде Түркістан облысы әкімінің жаңадан тағайындалған идеология жөніндегі орынбасары Ертай Кенжебекұлы Алтаевтың зиялы қауыммен, мәдениет, өнер, спорт саласының, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің өкілдерімен кездесуі болып өтті.
«Жалпы қоғамда ұлттың ұлттық болмысын айқындайтын, заманауи мәселелерді көтеріп, оған шешім іздейтін, өзінің шебер туындыларымен таңдандырып, ұлт болашағына бейжай қарай алмайтын ұлт көсемдері зиялы қауым деп таныстырылады. Зиялы қауымы жоқ қоғам – болашағы жоқ қоғам болып есептеледі. Бүгінгі кездесудің мақсаты – зиялы қауым өкілдерімен жүздесу, аға буынның батасын алу, ақыл-кеңесін тыңдау. Сонау ата-бабалардан келе жатқан осы дәстүрге айналған ұстанымды сақтап, өңіріміздің зиялы қауымы деп таныған өздеріңіздей өнегелі азаматтармен дидарласа отырып, облысымыздың идеология саласының даму деңгейін айқындайтын ой-пікірлеріңізді тыңдағымыз келеді. Облыс әкімінің идеология жөніндегі орынбасары Алтаев Ертай Кенжебекұлының мақсаты да осы» – деді алқалы жиынды ашып, ары қарай жүргізген Түркістан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев.
«Бұл өңірдің жағдайын менен артық білесіздер. Араларыңызда ақын-жазушылар, журналистер, этнографтар, әдебиетшілер, тарихшылар, алаштанушы ғалымдар бар екен. Өздеріңізбен кездесіп, сұхбаттасқаныма қуаныштымын. Алдағы уақытта елімізде, облысымызда жұмысымызды, жалпы тәлім-тәрбиені, идеологияны қай бағытта дамытқанымыз дұрыс? Сол бойынша ұсыныстарыңызды айтсаңыздар. Біз тыңдауға дайынбыз.
Түркістан үлкен қарқынмен дамып келе жатыр. Республикалық деңгейде салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, облыс құрылғалы бері үлкен серпіліс болды. Мәдениет, спорт нысандары салынды. Көп жағдай жасалды. Түркістан қаласының өзі индустриалдық тұрғыдан қатты дамыды. Енді біздің рухани дамуымыз да қатар жүру керек. Біреуі бір-бірінен қалып кетпеуі тиіс. Сол үшін сіздермен бірлесе отырып жұмыс істеуіміз керек. Сіздердің ақыл-кеңестеріңіздің маңызы зор. Жолын айтып, жөн сілтеп, атсалыссаңыздар бәрі өз деңгейімен дамиды деген ойдамыз. Алтын уақыттарыңызды бөліп келіп отырғандарыңызға рахмет. Менің мақсатым – өзімді таныстыру, сіздермен танысу. Идеологияға қатысты жұмыстарды жүргізудегі бағыт-бағдарымды түсіндіру. Мәдениет, ішкі саясат салаларын ілгерілетуге республикадан берілген жаңа ұстанымдарды жүзеге асыруға келіп отырмыз. Осында жиналған зиялы қауым өкілдерінің пікірлерін тыңдап, жалпы жағдаймен танысқым келеді. Қала берді, облысымыздың абыз ақсақалдарының батасын алып, алдарыңыздан өтіп, алдағы уақытта сіздердің қолдауларыңызбен облысымыздың руханиятын дамыту жолында бірігіп жұмыс істесек деген мақсатпен келіп отырмыз. Сондай-ақ, осы таяу күндері, «Абай күні» қарсаңында белгілі абайтанушы Мекемтас Мырзахметов ағамызға да барып қолын алып, құттықтап, хал-жағдайын біліп қайтуға бекініп отырмыз. Сөз орайы келгенде айта кетейін, облыс әкімі Дархан Аманкелдіұлы экономикалық жағдайды өркендетумен қатар руханиятты да көтеруге байланысты өзекті міндеттер жүктеп отыр. Сондықтан да, осы мәселелерді жұмыла көтеріп жүзеге асырудың маңызы зор. Біз қашанда ел ағаларын тыңдаған елміз. Бұл үрдіс, әсіресе, оңтүстікте ерекше дамығандығы жасырын емес. Сіздер біздің арқа сүйейтін тірегімізсіздер. Сіздердің ұсыныстарыңыз біз үшін аса маңызды» – деп бастады алқалы жиындағы сөзін Түркістан облысы әкімінің таяуда ғана тағайындалып, өз жұмысын бастаған идеология жөніндегі орынбасары Ертай Кенжебекұлы.
Сөздің шыны керек, ұлттық болмысымыздың, дәстүр-салтымыздың мәйегі шоғырланған оңтүстік өңірдің руханиятының шылбырын қолына алған азаматтың сөз бастауы, ашық мінезі, жалпы мән-жайға қанықтығы жүрегімізге мейірім ұялатып, жақын туысымызды көргендей ішіміз жылып қалдық. «Түсі игіден түңілме» – деп атам қазақ айта беретін нақыл да расталғандай, Ертай бауырымыздың жылы жүзі жиналған көпшілікті «ә» дегеннен ашық әңгімеге жетелей жөнелді десем артық айтпаспын. Қамал алар қырықтың қырқасына шыққан Түркістан өңірінің тумасы, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің түлегі Ертай Кенжебекұлының әрбір сөзінен туған өлкеге, ұлтымыздың болашағына, руханиятымыздың дамуына деген жанашырлығы, әр жылдары Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрлігінде, Президент әкімшілігінде түрлі лауазымдарда атқарған жауапты қызметтерінде жинақтаған тәжірибесі, арнайы жобаларды жүзеге асыруда, сараптама-талдау, әдістемелік-инспекциялық жұмыстарда, мәдениет, тілдерді дамыту, жастар саясаты, спорт, ішкі саясат жұмыстарында ширап-шынығып, ысылғандығы, тізгінін ұстаған саланы жетік білетіні аңғарылып, «аз отырып, көп сынайтын» ағайынның жүрегіне жылылық нұрын сеуіп өтті.
Сондықтан да болар, аузын ашса ақ батасы ақтарыла жөнелетін абыз ақсақалдарымыз ата-баба жолымен ақ тілеулерін айтып, сәттілік тілеген соң, әңгіме ауаны ел жайына, күн тәртібіне шығарылған руханият тақырыбына, ұлт болашағы мен тағылым-тәрбиеге, бүгінгі таңдағы атқарылуға тиіс көкейтесті мәселелерге ойысты. Бұл күнгі облысымыздың, соның ішінде киелі қаламыздың зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері мен белсенділері, ғалымдар мен оқымыстылар, әдебиет, өнер, спорт, білім, мәдениет саласының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысқан, емен-жарқын әңгімеге құрылған дөңгелек үстел басындағы сұхбатқа арқау болмаған нәрсе жоқ. Ұлттық дамуымыздың кепілі – идеология ғана емес, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық өркендеуінен бастап қоғамдағы көптен бері ойда жүрген түйткілді дүниелердің бәрі қамтылды. Турасын айтсақ, руханиятты жалпы қоғамнан бөле-жарып, салаға бөліп қарау мүмкін емес. Ол – адамзаттың болмысы. Дүниетанымы. Түйсігі. Ал, салмақты дүниетаным болмай сапалы қоғам құрудың мүмкін еместігі ежелден мәлім. Әркім өз саласы бойынша осындай ойларымен бөлісті. Ұсыныстарын айтты. Жаңа басшыға тағы бір сүйсініп қалғанымыз, Ертай Кенжебекұлы көпшілік тарапынан айтылған әрбір сөзге ерекше мән беріп, бетпе-бет жауабын айтып, себеп-салдарына тиянақты түсінік беріп отырды. Оның бұл қасиетін ұзақ жылғы мемлекеттік қызмет барысында жылдар бойы қалыптасқан жауапкершілікті сезінудің көрінісі деп бағаладық. Ең алғашқы болып сөз алған «Ардагерлер ұйымы» РҚБ ТОФ төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов өзі басқарып отырған саланың жалпы жағдайымен таныстыра келіп:
«Өздеріңізге белгілі, Түркістан облысы – түркі әлемінің тұмары. Руханияттың негізі, түптамыры осы қасиетті жерден бастау алып отыр. Алдағы уақытта небір өміршең жобалар бастау ала да береді. Руханиятты дамыту мемлекеттік деңгейде, әлемдік кеңістікте қолға алынғанда ғана өз нәтижесін береді. Қазіргі заманауи тілмен айтқанда, руханият – негізгі бренд болу керек. Бұл мәселе ешкімнің назарынан тыс қалмауы тиіс. Міне, облыстық мәслихат депутаты, айтыскер ақынымыз Бекарыс Шойбеков те отыр бүгінгі жиында. Осы орайда депутаттардың да өз пікірі болғаны дұрыс. Тағы бір айта кетейін дегенім, рухты көтеру үшін «басқа жақтың кадры» деп бөлінетін ештеңе жоқ. Келем деген барлық саладағы мықты азаматтарды тарту керек. Көтеру керек. Солар арқылы үйрену керек. Сөйтіп Түркістанды қазіргі деңгейден де жоғары дәрежеге жеткізу керек» – деген пікірі сол жерде-ақ көпшіліктің көңіліндегі мәселені қозғаған әсер қалдырды.
Келесі сөз кезегін алған Түркістан облыстық ақсақалдар кеңесі қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жарылқасын Әзіретберген ақсақал мәселенің түйінін тауып айтатын шешендігімен идеологияның сан тараулы тармақтарын жіктеп айта келіп:
«Ел басқару оңай емес қашанда. Кейде көп нәрсе билік басында отырған бір адамға байланысты болады. Өзбекәлі Жәнібеков деген мемлекет және қоғам қайраткері президент те, бірінші хатшы да болған жоқ. Бар болғаны министрдің орынбасары болып жүріп-ақ туған халқының ұлттық мұрасын, өнерін, тілін, дәстүрін сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізуде ұлан-ғайыр тірлік істеп, тарихта қалды. Сол сияқты ата-бабадан қалған сара жолды, бабалар жолын зерделеп, ұрпаққа жеткізу парызымыз. Бұл игілікті іске қоғамдық бірлестіктердің қосып отырған үлесі өлшеусіз» – деген пікірін жеткізіп, ой саларлық ұсыныстарымен бөлісті.
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің профессоры, философия және теология ғылымдарының докторы Досай Кенжетайдың «Керек нәрсенің бәрі идеологияға қатысты» – деп бастаған құнды тұжырымы алқалы жұрттың қолдауына ие болды.
«Идеология негізі мемлекеттік институт пен қоғамдық институт арасындағы ортақ тарихи, болмыстық танымдар мен тәжірибенің ұлтқа қатысты құндылықтарынан тұрады. Оны өркениет, мемлекет, дін және мәдениет қабаттарынан аламыз. Мемлекеттің негізінде мәдениет, мәдениеттің негізінде дін, өркениет жатады. Осы жерде мәдениет ол қазақ ұлтының болмыстық платформасы. Ал қазақ мәдениеті қазақ мемлекеттілігінің негізі. Сондықтан қазақ «мемлекет құрушы» ұлт. Сондықтан идеологиялық жұмыстың бағытын анықтауымыз керек» – деген ғалымның тұжырымды пікірі бүгінгі идеологияның айқын бағыт-бағдарын айқындап бергендей еді. Бұл күнгі кездесу барысында дуалы ауыз азаматтар айтқан ұсыныс-пікірдің бәрін шағын мақалада тізіп шығу мүмкін емес. Айтыскер ақын, облыстық мәслихат депутаты Бекарыс Шойбеков, ақын, ҚР Жазушылар Одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Айдар Сейдәзім, «Сақ» кино студиясының басшысы Нуриддин Паттеев, «Шұғылалы таң» қайырымдылық қорының құрылтайшысы Дана Орманова, тағы басқа да сөз алған азаматтар қоғамда өздерін толғандырған ойларын ортаға салды. Тарихы тұнған киелі өңірдің идеологиясы, рухани өрлеуі жаңа қарқынмен, жаңа леппен, жаңа бағытпен дамуы жолында жасампаздықпен еңбек етудің алғы шарттарын түйіндеген басқосу соңында абыз ақсақалымыз Жарылқасын Әзіретберген ақ батасын берді:
«Қазақ елінің дастарханынан нан кетпесін,
Шаңырағынан ән кетпесін.
Қорасынан мал кетпесін.
Ертай баламыздың жұмысы алға басып,
Қазақ елінің идеологиясынан мән кетпесін» – деп қайырған батада айтылғандай, рухани бағытымыз мәнді болсын! Күн сайын өзгеріп, қарыштап дамып келе жатқан замана көшімен тең басу үшін экономика мен саясатты дамытып қана қоймай, адамзат баласының сана-түйсігін, дүниетанымын жаңартудың, өзгеше леппен өзгертудің маңызы зор. Ол үшін рухани құндылықты, ұлттық идеологияны жаңаша форматта жаңғыртудың түрлі жолдарын өмірге енгізе отырып жұмыс жасау – заман талабы. Осылайша рухани астана рухани жаңғыру көшінің көшбастаушысына айналмақ. Түрленген Түркістанды, түркі әлемінің рухани орталығын алда осындай үлкен міндеттер күтіп тұр.
Роза НАРЫМБЕТОВА.
ТҮРКІСТАН: РУХАНИ АСТАНАНЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ АЙҚЫНДАЛУДА