Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: – рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Мәдени даму» бағыты аясында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен
2019 жылдың мамыр айының 21 күні «Ұланымыз ұлы елдің» атты бастауыш сынып ұл балалардың арасында сайыс ұйымдастырылып өткізілді.
Сайыстың мақсаты ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білуге, ер балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының ұлды тәрбиелеу салт – дәстүріне байланысты әдептілікке, ұстамдылыққа, төзімділікке, батылдыққа баулу
Сайысқа қатысқан барлық үміткерлер «Ұлттық құндылықтар – рухани қазына» тақырыбында, қазақ халқының әр шаңырағында ілулі тұратын кез келген қазақ жанына серік еткен қамшы өру бойынша сынға түсті.
Сайысқа қала мектептерінен 12 үміткер қатысып, қазылар алқасының шешімі бойынша «Бас жүлде» – Айтмырза Нұрасыл №372 бастауыш мектебі,
I орын – Ермекбай Дияс Комаров мектебі
II орын – Үйбағар Алмас С.Қожанов мектебі
II орын Есіркеп Жомарт №2 бастауыш мектебі
III орын Сабыралы Сағынәлі Абай мектебі
III орын Асылбек Нұртілеу – Б.Момышұлы мектебі
III орын Оразалы Ерасыл – Журба мектебі
«Алғыр жігіт» номинациясымен – Арыстанбек Нариман Ә.Жангелдин мектебі
«Сері жігіт» номинациясымен – Керей Руслан №4 бастауыш мектебі
«Өнерпаз жігіт» номинациясымен – Әбілдә Рамазан, №376 бастауыш мектебінен Тұрғанбай Олжас, Әжімахан Бекзат иемденді. Сайысқа қатысқан барлық талапкерлер арнайы марапатталып, сыйлықтар тапсырылды