ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты “Әзірет Сұлтан” мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ресми сайтындағы (http://azretsultan.kz/) МЕДИА бөлімінде онлайн режим іске қосылды.
Аталған бөлімнен Қожа Ахмет Ясауи, Рәбия Сұлтан Бегім ана кесенесі мен сегіз қырлы сағана маңындағы күнделікті тыныс-тіршілікті тікелей көруге болады.
Жуырда хабарлағанымыздай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Android платформаларына арналған мобильдік қосымша іске қосылды.
Қосымша арқылы ғасырлар елегінен өтіп, бүгінгі күнге жеткен көне, тарихи құнды жəдігерлер мен оларды сақтау, қорғау, қайта қалпына келтіру, қорық-музейге қарасты тарихи-мәдени және рухани орындармен танысу және 3D-тур арқылы тамашалау, министрлік жаңалықтары мен музейдің атқарып жатқан жұмыстары жөніндегі ақпараттар алу, директор блогы арқылы байланыс орнату, музейге түсетін қаржы және қонақтарға көрсетілетін қызметтер жайлы мәлімет алып, тарихи ескерткіштер жайлы ғылыми мақалаларды оқуға мүмкіндік қарастырылған.
Ағымдағы жылы қорық-музейге қарасты тарихи-мәдени орындарға да онлайн режимін қосу жоспарлануда.
«Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейі» РМҚК-нің мобильді қосымшасын(http://azretsultan.kz/)
Google Play Market арқылы жүктеп алуға болады.
Home Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН: Кесене жайлы тікелей көрсетілім тұңғыш рет “Әзірет Сұлтан” қорық-музейінде орнатылды