Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына және жастар жылына байланысты
ауданымызда атқарылып жатқан игілікті жұмыстардың қатарына бүгінгі ауданымызға
келіп, Есен Елеукен көптен бері жүргізіп келе жатқан «Жайдарман» әзілкештерінің
халықаралық сайысын жатқызуымызға болады.
Мәдениет сарайында өткен көңілді тапқырлар сайысына жиналған қауымның қарасы
мол болды.
Осындай игілікті шараның өткізілуіне ұйытқы болған
жастар жанашыры Ерлан Айтаханов ағамызға өз алғысын жеткізген, өнерпаздарды
бастап келген Есен Елеукенге аудан әкімі өз кезегінде киелі өңіріміздің
тарихынан толымды сыр шертетін «Отырар жәдігерлері» кітабын табыс етті.
Сайыстың қортындысына келер болсақ көрші қырғыз елінен
келген өмірдегі әртүрлі оқиғаларды, қоғамдағы жағымды-жағымсыз оқиғаларды
өнерлеріне арқау еткен Қырғызстан елінің Бішкек қаласынан “Алатау”
командасының ойыншысы Ақылбеков Мыңжылқы “Үздік ойыншы”
номинациясының иегері атанды.
Үшінші орын ауданымыздың мақтанышы «Шалқыған
Шәуілдір» командасына бұйырса, екінші орынды Ақтөбе облысынан келген «Фемида»
командасы еншіледі.
Халықаралық дәрежеде өткен “Отырар ауданы
әкімінің жүлдесі үшін” өткен сайыстың бас жүлдесін талғампаз
көрермендердің ықыласына бөленген шымкенттік «Миллион» командасы қанжығаларына
байлады.
Шара соңында “Оқсыз” спорт кешенінде “Жайдарман” сайысына келген қонақтардың қатысуымен кіші футболдан сайыс ұйымдастырылды.