Қауіпсіздіктің барынша жоғары деңгейін қамтамасыз етуге қабілетті түбегейлі шешім бейнебақылау және бұзушылықтарды автоматты түрде фотобейнетіркеу жүйелерін енгізу болып табылады.
Түркістан «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік» жобасы аясында қаладағы 10 көше бойына фотобейнетіркеу камераларын пилоттық режимде орнатып болды.
Сергек камералары рұқсатты жылдамдықты арттыру, қызылға өту, жол белгілері мен жолақтарының талаптарын бұзу, рұқсат етілмеген жерде тоқтау мен тұру және автобус жолағымен жүру сияқты ереже бұзушылықтарды тіркеп, көлік иесіне келесі мекен-жайлар бойынша ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан бастап айыппұл жазып бере алады:
- Қожанов көшесі 50
- Майкотов көшесі
- Тәукехан даңғылы 284
- Саттарханов даңғылы
- Майлин көшесі
- Жібек жолы көшесі
- Қазақстанға 30 жыл даңғылы
- Қазыбек би көшесі
- Қожанов көшесі 77
- Саттарханов даңғылы
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік» жобасы шеңберінде келесі елді мекендерге «Сергек» аппараттық бағдарламалық кешенін орнату жоспарлануда.
1) «Сергек» АБК 96 желілік учаскелерінде, оның ішінде Түркістан қаласында – 40, Кентау қаласында – 16, Шардара қаласында – 7, Сарыағаш қаласында – 9, Жетісай қаласында – 7, Ленгер қаласында – 6, Арыс қаласында – 11;
2) «Сергек» АБК 26 қиылыста, оның ішінде Түркістан қаласында – 26, Кентау қаласында – 10, Шардара қаласында – 5, Сарыағаш қаласында – 6, Жетісай қаласында – 4, Ленгер қаласында – 4, Арыс қаласында – 7;
3) 2 006 жалпы бейнебақылау камералары, оның ішінде Түркістан қаласында – 849, Кентау қаласында – 340, Шардара қаласында – 145, Сарыағаш қаласында – 182, Жетісай қаласында – 135, Ленгер қаласында – 126, Арыс қаласында – 229;