Биыл 5 наурыздан бастап ҰҚК Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бірлескен шекаралық жұмыстары жүргізілуде. Осы орайда Түркістан облыстық Үйлестіру кеңесінің «Шекаралық операцияны ұйымдастыру мен өткізу кезіндегі қызметтік өзара әрекеттесу» атты қызметтік жиналыс өткен болатын.
Жиын барысында облыстық Үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары Мадияр Жұмадилов облыстық шекара департаменті жолағындағы көші-қон заңы талаптарының сақталмауы және ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерді айтты. Нәтижесінде бірлескен шекаралық жұмыстарды өткізу барысында жүргізілетін және ҚР-ның Мемлекеттік шекарасы мен Көші қон туралы заңдарының талаптарын сақтауға бағытталған шаралар бойынша жұмыс жүргізелетін болды.