Home Қоғам ТҮРКІСТАНДА АСЫҚ АТУДАН ЖƏНЕ БЕС АСЫҚ АТУДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА АСЫҚ АТУДАН ЖƏНЕ БЕС АСЫҚ АТУДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Түркістанда асық ату жəне бес асық ату спортынан Қазақстан чемпионаты басталды. Ұлттық спортымызды ұлықтауды мақсат еткен бұл республикалық жарысқа еліміздің түкпір түкпірінен ең тəжірибелі спортшылар қатысуда. Биыл ерекше болып ұйымдастырылған ересектер арасындағы асық ату жəне бес асық спортынан бастау алған Қазақстан чемпионатына республикамыздан 13 облыстан саңлақтар қатысуда. Жарыс жолына шыққан спортшылар елдегі пандемеялық жағдайға байланысты қатаң түрде санитарлық режимдерді сақтауда. Ұлттық спортымыздың көшін бастаған асық ату жəне бес асық спорт түрлері қазір елімізде əлемдік деңгейге сай дамып келеді. Бұл ретте, жарысқа арнайы қатысқан Қазақстан Республикасының асық ату федерациясының атқарушы директоры Жомарт Сабыржанов жастар арасында бұл спортты кеңінен насихаттауда заман талабына сай жаңашылдықтар болып жатқанын жеткізді. Жарысты ұйымдастырушылар соңғы кездері қаракөздеріміз арасында асық жəне бес асық спортына əсіресе, ауыл жастарының көптеп қызығушылық танытатындықтарын айтады. Жыл сайын ұлттық спорт мектептерінде де асық ату жəне бес асық спортын халықарарлық деңгейде дамыту да жүзеге асырылуда. Қазір мыңдаған бала асық атудан кəсіби тұрғыда тəлім алады. Ең бастысы бұл аталмыш спорт түрі мектеп программасына еніп отыр. Өйткені өскелең ұрпақ атадан балаға мирас болып келе жатқан спорт түрін жандадыру мақсатында. Бір айта кетерлігі жастардың сезімталдығымен, мергендігін арттыратыны тағы бар. Бұдан басқа аудан, ауылды жерлерде асық ату спорты жастар арасында кеңінен белең алған. Жарысқа Түркістан, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл, Атырау облыстары мен Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларынан сайдың тасындай іріктелген спортшылар қатысып, бақтарын сынауда.